Пятница, 14 сентября 2018 17:49

Қостанайлық жұмысшылар ҚКХП қызметіне қызығушылық танытуда Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

2018 жылдың 10 қыркүйегінде ҚКХП Қостанай облыстық комитеті «АгромашХолдинг KZ» АҚ жұмыс ұжымымен кездесу өткізді. Бұл Қазақстанда «ESSIL» маркалы комбайндарын және кең ауқымда қосымша өнімдер ассортиментін шығаратын жалғыз кәсіпорын. Компания ірі қызметтік-тұрмыстық желі қалыптастырған, 8 бөлімшесі мен елдің егістікпен айналысатын барлық аймақтарында 11 өкілдігі бар.

Кездесу барысында обкомның бірінші хатшысы А.А. Әлімбаев қатысушыларды партияның қызметі мен жұмыс бағытының басымдықтары туралы хабардар етті. Сонымен қатар «Халық коммунистері» депутаттық фракциясының  жаңа сауалдарының мазмұнымен, ҚКХП-ның облыстық бөлімше қызметімен таныстырды. Бұған қоса спикер кеңестік комсомол тарихына шолу жасап, биыл БЛКЖО-ның 100 жылдығы аталып өтілетіндігі туралы айтты.

Жұмысшылар Қостанай облыстық комитетінің жетекшісіне партиялық салымдар мен партия жастарымен атқарылатын жұмыстарға қатысты сұрақтар қойды.

Кездесу соңында обком заңгері қатысушыларды қоғамдық қабылдаудың жұмысымен таныстырып, «Коммунист Казахстана» журналы, «Право на помощь» буклеттері, ҚКХП қатарына қосылу туралы парақшалар мен депутаттық сауалдардың мәтіндері таратылды. 

Фото1640Фото1640Фото1640Фото1640

Прочитано 6 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.