Четверг, 31 января 2019 11:57

Қостанайда Ленинградты азат етуге қатысқандармен кездесу өтті Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Қостанай облыстық комитетінің өкілдері облыстық Ардагерлер кеңесінде Ленинградтың қоршаудан босағанының 75 жылдығына орайластырылып өткізілген шараға белсене қатысты.

Қостанай облысында Ленинградты азат еткен 13 және оны қорғаған 2 адам тұрады. Осылардың арасынан жиынға Акимова Вера Григорьевна, Гусак Валентина Тимофеевна, Ксенафонтова Римма Ивановна, Распопова Галина Андреевна, Спицин Владимир Ильич, Титов Геннадий Петрович, Шнайдер Светлана Никифоровна, Садчиков Владимир Алексеевич, Шапошников Николай Алексеевич қатысты.

Жүргізуші Ленинград шайқасы жайлы әңгімелеп отырғанда жиналғандарға фотослайд көрсетілді. Осыдан соң залға қолдарына шамшырақ жаққан кадеттер кіріп, соғыста шейіт болғандар бір минут үнсіздікпен еске алынды.

Басқосу барысында әскери әндер орындалды.

Ардагерлер кеңесінің төрағасы К.Укин РФ президенті В. Путиннің, РФ Елшілігінің және  Қостанай облыстық Ардагерлер кеңесінің атынан Ленинградты фашист басқыншыларының қоршауынан құтқарғандарды атаулы датамен құттықтап, оларға гүл шоқтарын, медаль және қаржылай сыйақы табыс етті.

Коммунистер Ленинградты азат етуге қатысқандарға ерліктері үшін алғыс білдіріп, бұл күннің тарихи маңыздылығына тоқталды және олар өскелең ұрпаққа үлгі әрі өнеге екенін жеткізді. Бұдан кейін ардагерлерге «Коммунист Казахстана» журналын ұсынып, кәдесый сыйлады.

ҚКХП Қостанай облыстық комитеті

KostBlokada 5KostBlokada 5KostBlokada 5KostBlokada 5KostBlokada 5

Прочитано 179 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.