Іс-шара барысында жастар Қазақстанның көрнекті мемлекет қайраткерінің өмірбаяны, оның ел басқарған кездегі экономикалық әлеуеттің, өнеркәсіптің өсуі, ауыл шаруашылығының дамуымен танысты. Сонымен қатар студенттерге Қонаев туралы деректі фильмнен үзінді көрсетілді.
Жастар ҚКХП облыстық комитеті хатшылары мен кітапхана қызметкерлерінің баяндамаларын үлкен қызығушылықпен тыңдады.
Кездесу соңында коммунистер жастарға Дінмұхамед Қонаев туралы қызық мәліметтер жазылған «Молния» ақпараттық бюллетеньдерін таратты. Іс-шараның оң нәтижесі ретінде екі жас азаматтың кітапханаға жазылуын айтуға болады.
ҚКХП Қостанай облыстық комитеті