27 қазан күні ҚКХП Қостанай облыстық комитеті Қостанай қызмет көрсету колледжінде «Комсомол мәңгі жас!» атты салтанатты іс-шара өткізді. Мереке  БЛКЖО-ның қалалық комсомолдық жалауын алып шығуымен басталды. Обком хатшылары қатысушыларды комсомолдың 100 жылдығымен құттықтады.

Депутаттардың аймақтардағы жұмыс сапары барысында, яғни 25 қазан күні «Халық коммунистері» депутаттық фракциясының мүшесі Галина Баймаханова Қостанай гуманитарлық колледжінде кездесу өткізді. Оқу орнының мәжіліс залында депутат колледж директоры Әбдімәулен Байешов бастаған оқытушылар құрамымен және студенттермен кездесті.

24 қазан күні ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Халық коммунистері» фракциясының мүшесі Галина Баймаханова Қостанай өңіріндегі жұмыс сапары барысында «Қостанайшинсервис» ЖШС-нің ұжымымен кездесті.

2018 жылдың 23 қазанында Парламент Мәжілісінің депутаты, «Халық коммунистері» фракциясының мүшесі Галина Баймаханова Қостанай облысындағы іс сапары барысында М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде болды.

ҚКХП Рудный қалалық комитеті ардагер-коммунистерді Қарттар күнімен құттықтады.  Қалалық комитеттің белсенділері ардагерлерге ҚКХП атынан құттықтау хаттар табыстап, оларға зор денсаулық, амандық және бақыт тіледі. Қонақтар үшін мерекелік дастархан да жайылды.

ҚКХП Қостанай облыстық комитеті зейнеткер-коммунистерді Қарттар күнімен құттықтады.

ҚКХП Қостанай облыстық комитеті Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде «Қазақстан жастары: кеше, бүгін, ертең» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

ҚКХП Қостанай облыстық комитетінің заңгері Гүлнара Өтегенова «Көмек алу құқығы» акциясын өткізді. Ол 30 буклет таратып, құқықтық сұрақтар бойынша халықпен сұхбаттасты.

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.