2018 жылдың 10 қыркүйегінде ҚКХП Қостанай облыстық комитеті «АгромашХолдинг KZ» АҚ жұмыс ұжымымен кездесу өткізді. Бұл Қазақстанда «ESSIL» маркалы комбайндарын және кең ауқымда қосымша өнімдер ассортиментін шығаратын жалғыз кәсіпорын. Компания ірі қызметтік-тұрмыстық желі қалыптастырған, 8 бөлімшесі мен елдің егістікпен айналысатын барлық аймақтарында 11 өкілдігі бар.

12 қыркүйек күні ҚКХП Қостанай облыстық комитетінің мүшелері «Титан» ЖШС-ның жұмыс ұжымымен кездесу өткізді.

Тамыз айының 21-23 күндері аралығында ҚКХП Қостанай облыстық комитетінің бастауыш партия  ұйымдары «Жақыныңа жәрдемдес» акциясын өткізді.

25 тамыз күні ҚКХП Қостанай облыстық комитеті «Мектепке жол» акциясы аясында  23 мектеп пен 15 ата-ананың қатысуымен іс-шара өткізді. 

Понедельник, 04 июня 2018 11:36

Балаларға қуаныш сыйлады

1 маусымда ҚКХП Қостанай облыстық комитетінің Жастар қанатының мүшелері «Балаларға қуаныш сыйла» мерекесін өткізді.

Облыстың жас коммунистері коммунистердің балаларын «Золотой фазан» демалыс орнына апарды, онда спорттық ойындар, дәмді түскі ас пен сыйлықтар балалардың көңілін көтерді. Ауа-райы жауынды болғанына қарамастан, балалардың қуанышында шек болмады. Мерекеге 40 бала қатысты.

Ауа райының қолайсыздығы ҚКХП Қостанай облыстық комитетінің хатшыларына 26 мамыр күні «Алматы – Ульяновск» автошеруінің қатысушыларын салтанатты түрде қарсы алуға кедергі болған жоқ. Автошеру қатысушылары  қостанайлық коммунистермен бірге Жеңіс саябағына барып, В.И. Лениннің ескерткіші жанында естелікке суретке түсті. Меймандарға обкомның атынан кәдесыйлар табысталды.

ҚКХП Қостанай облыстық комитетінің активі Ұзынкөл, Қарасу ауылдарының тұрғындарымен жүздесіп, Президенттің бес әлеуметтік бастамасын түсіндірді.

Коммунистер Ұзынкөл, Қарасу аудандарының әкімдерімен де кездесті.

Ауыл тұрғындарымен әңгімелескен кезде облыстық комитеттің мүшелері сумен қамту мәселесі өзекті болып тұрғанын анықтады. Кездесуге қатысқан адамдар жастардың бос уақыты дұрыс ұйымдастырылмайтынына қынжылып, ауылдағы сапасыз жол, жұмыссыздық, төмен жалақы сияқты әлеуметтік мәселелерге шағымданды.

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Қостанай облыстық комитеті Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасы бойынша семинар ұйымдастырды.

Страница 5 из 5

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.