2019 жылдың 15 наурызында ҚКХП Қостанай облыстық комитеті «Аймақтағы су тасқыны жағдайы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.  Дөңгелек үстел жұмысына билік және саяси партиялардың, ҮЕҰ-дың өкілдері, қала тұрғындары мен БАҚ қатысты.

ҚКХП Қостанай облыстық комитеті Бюросының мүшелері су тасқыны жағдайына дайындық бойынша шараларды саралау мақсатында Қарасу ауданында болды.

ҚКХП Қостанай облыстық комитеті 2019 жылдың 5 наурызында «Әйел – мемлекеттік қызметкер, кәсіпкер, үй шаруасындағы әйел: мәселелер мен перспективалар» тақырыбында қоғамдық пікірталас өткізді. Кездесуге билік пен саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың және БАҚ-дың өкілдері қатысты.

Понедельник, 25 февраля 2019 11:38

Ерлік пен қаһармандықтың мерекесі

22 ақпан күні ҚКХП Қостанай облыстық комитеті КСРО кезінде 23 ақпан күні аталып өтілетін Кеңес Әскері мен Әскери-теңіз флоты күніне орай іс-шара ұйымдастырды.

2019 жылдың 14 ақпанында ҚКХП Қостанай облыстық комитеті «Жастар – елдің стратегиялық ресурсы» тақырыбында қоғамдық пікірталас өткізді. Іс-шараға билік және саяси партиялар мен БАҚ өкілдері, депутаттар, академик З.Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің студенттері қатысты.

5 ақпан күні Қостанай облысының коммунистері Н.Островский атындағы Қостанай қалалық кітапханасында Жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілерімен кездесті. Жастар арасында «Д.А. Қонаев – ұлы Адам» тақырыбында пікірталас ұйымдастырылды.

ҚКХП Қостанай облыстық комитетінің өкілдері облыстық Ардагерлер кеңесінде Ленинградтың қоршаудан босағанының 75 жылдығына орайластырылып өткізілген шараға белсене қатысты.

Қостанайлық коммунистер «Партия дауысы» акциясын өткізді. Облыстық комитеттің белсенділері қала тұрғындарын «Халық коммунистері» фракциясының қызметімен және коммунист-депутаттардың сауалдарымен таныстырды.

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.