6 желтоқсан күні ҚКХП Павлодар облыстық комитеті Павлодар қаласында тұратын Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өткізді.

2018 жылдың 20 қарашасында Павлодар облыстық Қазақстан Коммунистік жастар одағы БЛКЖО-ның 100 жылдығына арналған брейн-ринг ойынын өткізді. Іс-шараға обкомның ең белсенді жастары қатысып, комсомол қозғалысының құрылуы мен дамуы тарихымен етене танысты. 

ҚКХП Павлодар облыстық комитетінің қоғамдық қабылдауына көмек сұрап бес баланың анасы келді. Оның айтуынша, бұған дейін отбасы ауылда тұрған, жолдасы әйеліне қол көтеріп, үнемі қорлық көрсеткен. Шыдамы таусылған әйел балаларын алып қалаға қоныс аударған. Бастапқыда тұрақты жұмысы болмаған, нашар саман үйді жалдап тұрған. Уақыт өте келе тұрақты жұмыс орны табылып, отбасы жекеменшік отбасылық жатақханадан бөлме жалдап тұрған. Күйеуімен ресми түрде ажырасып, алимент талап еткен. Міне, осы мәселемен ол обкомның заңгеріне көмек сұрап келді. Бұрынғы күйеуі еш жерде тіркеуде жоқ, ресми түрде жұмыс істемейді, іздестіруге берілген.

ҚКХП Павлодар облыстық және Екібастұз қалалық комитеті қала мен аудан тұрғындарына комитеттердің кеңсесінде тегін заңгерлік кеңес алу мүмкіндігі бар екенін еске салады. Қоғамдық қабылдаудың заңгері жартылай заңгерлік көмек көрсетеді. Оған жағдайды түбегейлі талдау, заңнамалық жұмыс, процессуалды құжаттарды, шағымдарды, арыздарды, органдарға өтініштерді және т.б. дайындау кіреді.

23 қазан күні ҚКХП Павлодар облыстық комитеті «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы еңбек нарығы» тақырыбында қоғамдық пікірталас өткізді. Оған облыстық Ішкі саясат басқармасының, саяси партиялардың, ТКШ саласы мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Павлодар ОК бірінші хатшысы Гаухар Нұғманова «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы еңбек нарығы» тақырыбында баяндама жасады.

ҚКХП-ның «Шапағат» халықтық жобасын іске асыру барысында Павлодар облыстық комитетінің белсенділері тұрақты түрде өмірдің қиын жағдайына тап болған балалы әйелдердің бейімделу орталығына барып тұрады. Осы жылдың 24 қазанында күні коммунистер орталықтағы аналар мен олардың балаларына жылы киімдер апарып берді.

Среда, 24 октября 2018 11:06

Комсомол – жалынды жастар ұйымы

Биыл БЛКЖО-ның құрылғанына 100 жыл толып отыр.  Қазіргі жастар комсомол туралы білмейді. Тарих беттерінен 1918 жылы партияға коммунизмді құру үшін көмекші болатын жастар ұйымының құрылғандығы жайлы ғана білетін болар. Ол кезде ол Ресей коммунистік жастар одағы деп аталған. 1924 жылы РКЖО-ға В.И. Лениннің аты беріліп, ол Ресей Лениндік коммунистік жастар одағы деп атала бастады. Кейін КСРО құрылғаннан соң 1926 жылдың наурыз айында Бүкілодақтық Леиндік Коммунистік жастар одағы деп аталды.  Комсомол туралы естелікті жою немесе жоққа шығару мүмкін емес. Комсомол бұл  жай ғана ұйым емес, бұл – үш ұрпақ өмірі, бұл – біздің мемлекетіміздің тарихындағы біртұтас дәуір.

Понедельник, 08 октября 2018 13:01

Құрметті отырысқа қатысушылар!

Мемлекет басшысы жаңа Жолдауда қоғамда және бұқаралық ақпарат құралдарында талқыланған қазақстандықтарды соңғы кезде алаңдатқан мәселелерді көтерді.

Страница 1 из 5

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.