Пятница, 27 апреля 2018 15:05

Павлодарлық коммунистер Чернобыль апатының құрбандарын еске алды

Оцените материал
(0 голосов)

Павлодарда Чернобыль атом электр станциясындағы апатты жоюдың 32 жылдығын атап өтті. Чернобыль батырлары ескерткішінің алдында өткен іс-шараға ҚКХП Павлодар облыстық комитетінің мүшелерімен қатар жүзге жуық адам қатысты.

- Чернобыль апаты – радиациямен байланысты болған ең ірі апат, - деді қала әкімі Нұржан Әшімбаев. – Апаттың зардабын жоюға жүз мыңдаған адам, соның ішінде біздің жерлестеріміз де қатысты. Олардың басым бөлігі қайтыс болды, тірі қалғандары  денсаулықтарынан айырылды. Біз бүгін қаза болғандар мен зардап шеккендердің құрметіне жиналып тұрмыз.

- Чернобыль апатының зардаптарын жоюға шамамен 800 мыңнан астам адам қатысты. Олардың 30 мыңнан астамы – қазақстандықтар. Павлодар облысынан әскери комитет арқылы 900 адам шақырылды, бұған қоса 300 азаматтық медқызметкер, энергетиктер мен аспаздар жіберілді. Барлығы 1200 адам, - деп мәлімет келтірді Павлодар облысы «Чернобыль Одағы» ҚБ төрағасы, депутат Виктор Деймунд.

Сонымен қатар ол апат зардаптарын жоюға қатысқан 30 мың қазақстандықтың алты мыңы  ғана тірі қалғаны туралы айтты. Павлодар облысы бойынша шамамен 300 адам, бірақ барлығының денсаулықтарына нұқсан келген. Павлодарлықтар қаза болған жерлестерінің құрметіне бір минут үнсіздік жариялап, батыр-чернобыльшылардың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

ҚКХП Павлодар облыстық комитеті

ChernoblChernoblChernobl

Прочитано 31 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.