Пятница, 18 мая 2018 11:44

Ұлы Жеңіс тарихын бұрмалау - батыстық насихаттың құрамдас бөлігі

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Павлодар облыстық комитеті Әскери Даңқ мұражайымен бірлесе отырып, жас буын үшін «Ұлы Жеңіс тарихын бұрмалау - батыстық насихаттың құрамдас бөлігі»  тақырыбында қоғамдық пікірталас өткізді. Себебі бүгінгі жас ұрпақ ата-бабаларының ерлігі туралы біліп, оны ұрпақтан ұрпаққа аманат етуі тиіс. Қазіргі таңда тарихи фактілерді бұрмалау мәселесі халықаралық ауқымға ие болып отыр.  Бұл қазір пайда болған жағдай емес, бұған дейін де мұндай оқиғалар болған. Күштеу әдістері нәтиже бермеген жағдайда, мақсатқа жету үшін ұлтаралық  келісімге нұқсан келтіру басталады.  Осы кезде көмеккке саяси технология келеді, көп жағдайда әскери тарихты пайдалану әдісі. Бұл кездейсоқтық емес. Әскери тарих – әскери ойлаудың негізгі нүктесі ғана емес, сонымен қатар дүниетаным мен тарихи естелікті қалыптастырудың құрамдас бөлігі.  Әскери тарих қоғамға қазіргі таңдағы сұрақтарға жауап беруге көмектеседі. Әсіресе кімнің басқыншы, кімнің құрбан екенін анықтауға, әскери шиеленістердің сипаты мен салдарын бағалауға мүмкіндік береді.

Соғыстағы жеңіс Кеңес Одағын әлемдегі алдыңғы қатарлы державалардың қатарына қосты, оның әлемдік сахнадағы беделі мен абыройының артуына септігін тигізді.  Бұл реакциялық халықаралық күштердің жоспарында жоқ еді, сондықтан олардың ашуы мен ызасын тудыртып, «қырғи-қабақ соғысқа», КСРО-ға қарсы идеологиялық шабуылға әкеліп соқтырды.

 Соғыс жылдары да фашистік Германияның КСРО-ға қарсы соғысы тек ескерту-алдын-алу сипатқа ие болды деген дақпыртты насихаттаған саясаткерлер мен тарихшылар болған. Бұрмаланған тұжырымдамалар, осы және өзге де мәселелерге қатысты пікірлер кітап, мақала, теле-радиобағдарламалар, кинотуындылар  арқылы кеңінен таратылды. Мұның мақсаты – шынайы себептерді жасыру, КСРО-ның шынайы жеңісін  және Қарулы күштерін жоққа шығару болды. Кеңестік жауынгерлердің ерлігін Отандарына опасыздық жасағандарды мадақтау арқылы бәсеңдету, Нюрнберг үдерісінің шешімін қайта қарастыру.

КСРО тарихын бұрмалаудың мақсаты   біздің халықтың ұлттық және діни сипаты бойынша қарым-қатынасын үзу болып табылады.  Бұрынғы кеңестік республикаларға қарсы қазіргі заманғы ақпараттық соғыстың  мақсаты – біздің халықтың бауырмалдық ділін бұзу, оның құндылықтарын жою.

Ұлы Отан соғысы тарихының бұрмаланған фактілері оқулықтар мен БАҚ арқылы өскелең ұрпақтың сана-сезіміне, дүниетанымына кері әсерін тигізеді, бұл ел болашағы үшін өте қауіпті.

 ҚКХП Павлодар ОК

IMG 0727IMG 0727IMG 0727IMG 0727IMG 0727IMG 0727IMG 0727IMG 0727IMG 0727IMG 0727IMG 0727IMG 0727IMG 0727IMG 0727IMG 0727

Прочитано 56 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.