Суббота, 16 июня 2018 09:59

Павлодар ОК жұмыссыздық мәселесін талқылады

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Павлодар облыстық комитетінде «Баршаға арналмаған жұмыс» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жетекшісінің орынбасары Х.Н. Кашкенованың мәліметі бойынша, облыс бойынша жұмыспен қамтылғандардың саны 396008 мың адам, олардың 200011 ер азаматтар және 195997-сі әйелдер. Халық санына шаққанда жұмысшы күш үлесі 85,1%-ды құрайды. Халықтың 15 жастағы үлесі 80,9%. Жалдамалы жұмысшылар саны 325989 адам (161417 – ер азаматтар, 164572 – әйелдер). Өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандар – 30398 адам. Есепте тұрған жұмыссыздар саны – 19621 адам, оның 9368 – ер азаматтар, 10253 – әйелдер. Қазіргі таңда 14000 бос жұмыс орны бар.

Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы зейнеталды жастағы азаматтарды кәсіби қайта даярлықтан өткізіп, таныстыру жұмыстарын жүргізеді. Павлодар облысы еңбек басқармасының өкілі жұмысқа қабылдау барысында ұлты мен тіліне қарай қабылдау мәселесіне қатысты жауап берді. Ол ҚР «Еңбек туралы» Заңында мұндайға қатаң тыйым салынғанын айтты. Адамның ұлты оны жұмысқа қабылдамаудың себебі бола алмайды.

«Ақ жол» ҚДП өкілі К.К. Әбелдинов  өз сөзінде жоғары өмір сүру деңгейін, оған сәйкес келмейтін зейнетақы мен жалақыны, азық-түліктің шарықтап тұрған бағасын, жоғары коммуналдық тарифтерді тілге тиек етті.

Қызу пікірталас барысында барлық қатысушылар ҚКХП-ның зейнеталды жастағы азаматтарды жұмыспен қамту мәселесіне қатысты бастамаларына қолдау білдірді. Жатып ішерлер туралы заң қабылдау, жұмысшы мамандықтардың танымалдылығын мен еңбек адамы мәртебесін арттыру туралы ұсыныстар енгізілді.

IMG 9592 15 06 18 15 55IMG 9592 15 06 18 15 55IMG 9592 15 06 18 15 55IMG 9592 15 06 18 15 55IMG 9592 15 06 18 15 55IMG 9592 15 06 18 15 55

Прочитано 72 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.