Ассоциация ірі монополист «Павлодар жылу жүйелері» ЖШС-мен тығыз байланыс орнатқан. Тұрақты түрде Ассоциация мүшелері мен осы кәсіпорын инженерлерінің кездесулері өткізіледі, техникалық мәселелер шұғыл түрде шешіледі. Бірлестік мүшелерінің жоспарлары өте көп, пунктердің ішінара орындалуының өзі ПИК жұмысын жақсартып, қала тұрғындарының өмір сапасын арттырады.
Павлодар облыстық комитеті Ассоциацияның қала әкімдігімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою бастамасын қолдайды. Оның мақсаты ТКШ қызметін жетілдіру бойынша жұмыс жоспарын келісу болып табылады.