Четверг, 07 февраля 2019 13:05

М.Магеррамов «Open Pavlodar» офис-майданында болып, қаланың мәдениет қызметкерлерімен кездесті Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Павлодар облысындағы жұмыс сапары барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты М.Магеррамов өткен жылдың соңында ашылған «Open Pavlodar» офис-майданында болды.  «Open Pavlodar» бес операциялық залдан тұрады. Бұл жерде әртүрлі қызмет алуға болады: мемлекеттік қызмет залы, кәсіпкерлерге қызмет көрсету залы, ХҚКО-ның сандық залы, Павлодар әкімінің қоғамдық қабылдауы мен өз-өзіңе қызмет көрсету залы.

Депутат орталық жұмысымен және оның техникалық жабдықталуымен танысып, қызметкерлерімен пікір алмасты. 

Магеррам Мамедұлы Г.Н. Потанин атындағы тарихи-өлкетану музейінде де болды. Бұл жерде ол қала және облыстың мәдениет қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында қатысушылар археологиялық зерттеулерге музей қызметкерлерін қатыстыруды заңды  түрде бекіту  мәселесін көтерді. Сонымен қатар музей аумағында ақылы қызмет көрсету мүмкіндігін және мәдениет қызметкерлерінің жалақысын көтеру мәселелерін де тілге тиек етті.

Барлық кездесулерге ҚКХП Павлодар облыстық комитетінің бірінші хатшысы Гаухар Нұғыманова да қатысты.

OpenPavlMager 5OpenPavlMager 5OpenPavlMager 5OpenPavlMager 5OpenPavlMager 5OpenPavlMager 5OpenPavlMager 5OpenPavlMager 5OpenPavlMager 5OpenPavlMager 5OpenPavlMager 5OpenPavlMager 5OpenPavlMager 5OpenPavlMager 5OpenPavlMager 5OpenPavlMager 5

Прочитано 9 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.