Пятница, 08 февраля 2019 11:13

М.Магеррамов «Луганск» өндіріс кооперативінде болды Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Осы жылдың 6 ақпанында депутат, «Халық коммунистері» фракциясының мүшесі Магеррам Магеррамов Павлодар облысындағы жұмыс сапары барысында аймақтағы ірі сүт кешендерінің бірі «Луганск»  өндірістік кооперативінде болды.

«Луганск» ӨК жетекшісі Петр Кузьменко депутатты шаруашылық жұмысымен таныстырды. М.Магеррамов жем зауыты мен сүт кешенінің жұмысын тамашалады. Кәсіпкер қонаққа өзінің мал шаруашылығы базасында қолданылатын заманауи технологиялар жөнінде айтып берді.  

- Әрбір бөлімде бейнебақылау камерасы орнатылған. Жеке кабинетте монитор тұр, ол арқылы бас инженер ағымдағы жұмысты бақылайды. Бұл өте ыңғайлы, - деді П.Кузьменко меймандарға.

Сонымен қатар Петр Петрович өндірісті кеңейтуге ауыл шаруашылығына арналған жердің тапшылығы кедергі болып тұрғанын айтты.

PavlMagerLugansk 8PavlMagerLugansk 8PavlMagerLugansk 8PavlMagerLugansk 8PavlMagerLugansk 8PavlMagerLugansk 8PavlMagerLugansk 8PavlMagerLugansk 8

Прочитано 137 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.