Четверг, 21 февраля 2019 16:52

Павлодарлық коммунистер студенттермен ашық диалог өткізді Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Павлодар облыстық комитеті Павлодар гуманитарлық колледжінің «Рухани жаңғыру» кабинетінде «Жастар – елдің стратегиялық ресурсы» тақырыбында қоғамдық пікірталас өткізді. Іс-шараға барлық саяси партиялардың, облыстық үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен ішкі саясат басқармасының, жастар саясаты мен білім басқармасының қызметкерлері, студент-жастар қатысты. Құрметті қонақ ретінде партия ардагерлері, облыстың құрметті азаматы М.Демесінов пен «100 лиц Казахстана» байқауының жүлдегері А.Лодочников шақырылды.

Өз сөзінде ҚКХП Павлодар облыстық комитетінің бірінші хатшысы Гаухар Нұғманова партияның жастар саясатына қатысты ұстанымы мен «Халық коммунистері» депутаттық фракциясының ұсыныстары және бастамаларын тілге тиек етті.

Басқарма өкілдері Жастар бастамалары орталығы мен көптеген бағдарламалардың жұмысы туралы айтып берді. Студенттер өздерінің еріктілер қозғалысындағы жұмыстары туралы хабардар етіп, өз жоспарларымен бөлісті.

Пікірталас соңында А.Лодочников Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуі туралы естелігімен бөлісіп, қазақтың халық әнін домбырамен шырқап берді. Ақсақал М.Демесінов жастарға батасын беріп, жүрекжарды тілегін жолдады.

PavlMolod 6PavlMolod 6PavlMolod 6PavlMolod 6PavlMolod 6PavlMolod 6

Прочитано 61 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.