Вторник, 04 сентября 2018 10:03

«Шапағат» мектепке дайындайды

ҚКХП Павлодар облыстық комитеті «Шапағат» мектепке дайындайды» қайырымдылық акциясын өткізді. Акция аясында коммунистер әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың балаларын мектепке дайындауға көмектесті.

ҚКХП Павлодар облыстық комитетінің мүшелері партияның «Шапағат» халықтық жобасы аясында  Павлодар қаласының тұрақты баспанасы жоқ балалары бар әйелдерді әлеуметтік-психологиялық оңалту және бейімдеу орталығында болды.

ҚКХП Павлодар облыстық комитетінің бірінші хатшысы, Павлодар облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Гаухар Нұғманова жергілікті полция қызметіне мониторинг жүргізу үшін Ертіс және Ақтоғай аудандарында болды. 

Су жинақтаушының құрылысы Павлодар мемлекеттік технология колледжі аумағында жоспарланып отыр, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. тілшісі. Бұл туралы қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында Павлодар әкімі Нұржан Әшімбетов мәлімдеді.

ҚКХП Павлодар облыстық комитетінің мүшелері «Павлодар жылу жүйелері» ЖШС жетекшілігінің қалалық ПИК өкілдерімен кездесуіне қатысты.

 «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында 21 шілде күні ҚКХП Павлодар облыстық комитеті кеңес ақыны, әнші және композитор, Қазақстан композиторлар одағының алғашқы мүшелерінің бірі, Қазақстан ның еңбек сіңірген қайраткері  Естай Беркімбайұлының 150 жылдық мерейтойын атап өтуге атсалысты.

Естай - халық әндерінің талантты орындаушысы, халықтық музыка дәстүрін жалғастырушы тұлға.  Ол  әндік-ақындық ортада өскен, анасы Күлипа мен ағасы Байтолым белгілі әншілер болған. Естай олардан жыр, дастандар мен толғауларды орындау мәнерін үйренген.

 Павлодар маңындағы Ленинский ауылында М.Мәметова көшесінің тұрғындары мен жолды қайта салу жұмыстарын орындаушы ұйым жұмысшылары арасында дау-дамай орын алды. Ауыл тұрғындары арнайы техниканың жолын бөгеп тастаған. Себебі  жол құрылысының сапасы тұрғындардың көңілін көншітпей отыр.  Тұрғындардың айтуынша, жаңа асфальт автокөліктердің салмағына шыдамайды.

Ызаланған тұрғындар жұмысты тоқтатқызып қойған. Оқиға орнына жергілікті атқарушы билік пен БАҚ өкілдері шақыртылған, кейін мердігер ұйымның жетекшісі мен ауыл әкімі келіссөздерге кіріскен. Бірақ ортақ шешімге келе алмаған.

ҚКХП Павлодар облыстық комитетінің жетекшілері екінші Павлодар тұрғындарымен кездесті.

Алтай көшесінің тұрғындары жер асты суына қатысты мәселемен облыстық комитеттің қоғамдық қабылдауына хабарласты. ҚКХП облыстық комитеті бұл сұрақты назарға алды.

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.