Пятница, 24 апреля 2015 04:27

ҚКХП ұсынған ҚР Президенттігіне кандидат Т.Сыздықовтың Қарағанды және Өскемен қалаларындағы аймақтық сайлауалды штабтары өткізген іс-шаралар туралы БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Оцените материал
(0 голосов)

Бүгін ҚР президенттігіне кандидат Т.Сыздықовтың аймақтық сайлауалды штабтары атқарылып жатқан жұмыстары туралы есеп берді.

Аумақтық штабтардың жетекшілері әртүрлі халықтардың арасындағы бейбітшілік пен келісімдікті қамтамасыз ететін жалпы адамдық құндылықтардың маңыздылығын атап өтті.

Интернационализм барлық мемлекеттердің ілгері дамуы мен өркендеуінің негізі ретінде аталды.

 

Халықтардың достастығы мен ізгілік мақсаттарының біртұтастығы өркендеудің нақты бағыты болып келеді. Және бұл, кандидаттың сенімді тұлғаларының айтуынша бұқара қауымы тарапынан түсінушілікке ие.

Қарағанды облысы бойынша сайлауалды штабының жетекшісі А.Зевахинның айтуынша: «26 наурыздан бері облыстық сайлауалды штабы ҚР Президенттігіне үміткер Тұрғын Сыздықовты қолдауға бағытталған шаралар өткізіді, кандидаттың аймақ сайлаушыларымен кездесулерін ұйымдастырды».

Оның сөзіне сәйкес, сайлауалды үгіт-насихат науқанының негізгі бөлігі марксизм-ленинизм идеяларын үгіттейтін ҚКХП атынан кандидаттың сайлауалды тұғырнамасына арналған.

Қоғамдық идеалдарды батыстың тұтынушылық стандарттарымен алмастыру батыс жастарын жауапсыз тұтынушыларға айналдырып келеді.

А.Зевахин айтқандай: «Шыдамдылықтың жаңашылдық күшіне, бейбітшілік пен тұрақтылықтың жоғары құндылығына назар аудару қажеттігінің маңызы зор».

«Зорлық-зомбылықты жаппай насихаттау, жастарды тұтынушылыққа бағыттау, олардың ақыл-ойын, ізгілігін жойып, адамның өмірін құнсыздандырады. «Батыс жастары отбасылық құндылықтар, дәстүр, бірізділік, үлкендерді құрметтеу сияқты адамгершілік қасиеттерге мүлде жат тұтынушылық стандарттармен өмір сүріп жатыр. Мұның бәрі рухани нигилизмге үндейтін ашық насихаттың салдары.

Мұндай қоғамда өмір сүретін адамдарың өмірлік қағидаттары – жалқаулық және материалдық ашкөздік, толық моральдік жауапсыздық», - деді штаб жетекшісі.

А.Зевахинның айтуынша, сайлау науқанының соңғы сатысында партия белсенділерінің басты назары аймақтағы сайлаушыларға Т.Сыздықовтың сайлауалды тұғырнамасының мазмұнын жеткізу және оларды іске асыру жолдарын түсіндіру болып табылады.

Кандидаттың Шығыс Қазақстан облысы бойынша сайлауалды штабының жетекшісі Ш.Байдаулетов сайлаушылар, республикалық штаб және кандидат Т.Сыздықов алдында жоспарланған шараларды сапалы әрі дер кезінде атқарғаны туралы есеп беріп, алдына қойылған мақсаттарға қол жеткізгені туралы баяндауға әзір екендігін жеткізді.

Халық арасында үгіт-насихат кампаниясы сапалы жүргізілді, сайлаушылармен, халықаралық бақылаушылармен және қоғам мүшелерімен кездесулер ұйымдастырылды.

Біздің насихат шараларымыз штатты режимде, келеңсіз жағдайларсыз өткізілді.

Халыққа Тұрғын Сыздықовтың сайлауалды тұғырнамасының негізгі мазмұны жеткізілді.

ҚКХП кандидатының бағдарламасына сілтеме жасай отырып: «Зорлық-қомбылықты сипаттайтын Батыс киноиндустриясы мен ғаламтор қоры, жеңіл табысқа ұмтылу –батыстың жалған мәдениетінің өнімдері болып табылады», - деп ойын жеткізді Ш.Байдаулетов.

Мемлекеттік басты байлығы – оның азаматтары. Салауатты, интеллектуалды ұлт бала кезінен тәрбиеленуі тиіс.

ҚКХП республикалық штабының баспасөз қызметі

тел: 8(7172) 78-47-96

+7778 8882434, +7 7014617858

Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра., www.knpk.kz

23.04.2015

Прочитано 12 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.