Пятница, 24 апреля 2015 04:39

Қазақстан Коммунистік халық партиясы атынан ҚР Президенттігіне кандидат Т.Сыздықовтың Көкшетау қаласының «Истоки» мәдениет үйінде сайлаушылармен кездесуі туралы БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Оцените материал
(0 голосов)

Бүгін Қазақстан Коммунистік халық партиясы атына Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Т.Сыздықов Көкшетау қаласындағы «Истоки» мәдениет үйінде сайлаушылармен кездесу өткізді.

 

Тұрғындармен кездесу барысында Т.Сыздықов сайлауалды тұғырнамасының тезистерін баяндай келе, батыстық тұрмыс салтының кемшіліктері мен сау ұлт қалыптастыру үшін салауатты өмір салтын ұстану қажеттігі туралы ойларымен бөлісті.

«Марксизм-ленинизмнің ғылыми негізделген идеялары қазіргі уақытта өзінің маңыздылығы мен өзектілігін жоғалтқан жоқ. Заманауи құрылымдағы коммунизм ғана жойқын батыс мәдениетіне қарсы тұра алады. Қазақстан Коммунистік халық партиясының қызметі ғылыми социализм идеяларына, марксистік-лениндік ілім және прогрессивті қоғамдық пайымдауға негізделген» - деді Тұрғын Ысқақұлы шараның басында.

Оның айтуынша: «Батыс халықтың ақыл-ойын әділеттілік, кішіпейілдік, өзін-өзі жетілдіруге ұмтылыс сияқты ғасырлар бойы қалыптасып келген адамгершілік пен өнегелік қағидаларын жоғалтқан кинематография және әдебиет өнімдерімен уландырып келеді. Батыс киносы тек зорлық-зомбылыққа үйретіп және жастардың ойында тек жеңіл табыс ұмтылысын дамытып келеді.

Олардың киім кию салты ақылға сай келетін киімдерге сәйкес келмейді. Батыстың мәдени стандарттары тұтыну кейпіне айналып кеткен. Олар өмірде ең бастысы жаңа заттар, телефондар, теледидарлар деп уағыздап келеді. Адамдық қарым-қатынастар құнсызданып кеткен».

Кандидат Т.Сыздықовтың пайымдауынша: «бүгін бейбітшілік, достастық, интернацонализм сияқты жалпы адамдық құндылықтар әсіресе маңызды болып табылады.

Барлық елдерде прогрессивті күштер жаңашылдық пен шыдамдылықтың жоғары идеалдарының маңыздылығын түсініп келеді.

Әр түрлі мәдениет өкілдерінің арасындағы достық бірлікті бекітуге жігерлендіреді.

Біз бейбітшілік пен келісімдікте өмір сүріп келеміз. Бұл жалпы адамдық құндылықтар және олар келесі ұрпаққа берілуі тиіс.

Бұл біздің халқымыздың салт-дәстүрі.

Тарихи қонақжайлық, мейірімдік, отбасылық құндылықтар мен үлкендерді құрметтеу керемет жеміс береді.

Артқа қарап, біз осы негіздерді сақтау жолында өткізген жылдарымызды еске түсіреміз.

Осының барлығы жер бетінде қалыптасқан сенімділік пен жаңашылдық атмосферасын маңызды мазмұнмен толтырады. Сондықтан қазіргі уақытта тұрақтылық пен өркендеу терең мазмұн мен мағынаға ие болып келеді».

ҚКХП Республикалық сайлауалды

штабының баспасөз қызметі

Тел.: 8 (7172) 78-47-96

+7778 8882434, +7 701 4617858

knpk2015@mail.ru, www.knpk.kz

23.04.2015

Прочитано 25 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.