Четверг, 17 марта 2016 02:45

«Көкше» академиясының оқытушыларымен кездесу өтті

Оцените материал
(0 голосов)

 (16.03.2016, Көкшетау қ.

16 наурыз күні сайлауалды үгіт кампаниясы аясында ҚКХП-ның үміткерлері «Көкше» академиясының оқытушыларымен кездесті. Кездесуде марксизм-ленинизмнің жаңа кезеңдегі өзектілігі жайлы әңгіме қозғалды.

Коммунистер профессор-оқытушылар құрамын партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырып, білім жүйесі тармағына ерекше назар аудартты.

«Білім беру саясаты – мемлекет саясатының маңызды құрамы. Бұл әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық дамудың қарқынын арттырудың,  қоғамды ізгілендірудің құралы. Қазіргі таңдағы білім саясатының бірінші мақсаты білім сапасын арттыру, тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің өзекті және перспективті қажеттіліктеріне сәйкес келу болып табылады», - деп атап өтті Жамбыл Ахметбеков. 

ҚКХП Ақмола облыстық комитетінің жетекшісі Бейсенбай Мәжитов қазіргі таңда білімнің рөлін бағаламауға болмайтынын атап көрсетіп, бұл үдеріс адамның да, елдің де дамуына тең дәрежеде қажет екенін айтты.

 «Қазіргі таңда жоғарғы білім алып қана қою жеткіліксіз, оны тәжірибеде және ел экономикасын дамытуда қолдана білу маңызды. ҚКХП сапалы әрі бәсекеге қабілетті білімді қолдайды. Бұл ретте жастарға білім беретін жоғарғы оқу орындарының оқытушылары маңызды рөл атқарады. Кез келген қызметте, кез келген әлеуметтік мәдениетте білім, сауатты адам, және кәсіби маман қажет, - деді Бейсембай Мәжитов. Жиын соңында ҚКХП өкілдері ұстаздардың жасампаз бастамаларына жаңа табыс тіледі.

  [gallery columns="5" link="file" ids="72735,72736,72737,72738,72739"]

ҚКХП баспасөз қызметі

тел: 8-7172- 29-39-90;

8-7172-29-41-23;

8-701-461-78-58.

Прочитано 72 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.