Пятница, 18 марта 2016 21:41

Көгершін ұшыру және «ҚКХП- ға дауыс бер!» республикалық акциясы туралы

Оцените материал
(0 голосов)

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 (18.03.2016, Астана  қ.)

 18 наурызда Қазақстан Коммунистік Халық партиясының Республикалық сайлауалды штабы және оның облыстық бөлімшелері «ҚКХП - ға дауыс бер!» атты республикалық акция өткізді.

Шара шеңберінде тұрақтылық пен гүлденудің және коммунистік идеяны жаңа белеске көтерудің символы ретінде аспанға ақ көгершіндер ұшырылды. Осыдан соң ұйымдастырушылар «ҚКХП - ға дауыс бер!» деп ұрандады.

 Акцияны қорытындылаған Айқын Қоңыров бұл шара республиканың басқа аймақтарында да ұйымдастырылғанын, осы арқылы Қазақстан коммунистері сайлаушыларға ҚКХП-ның үгіт  жұмыстары кезінде айтқан қарапайым әрі түсінікті құндылықтарын жеткізуді көздегенін баяндады.   

«Біз бұл шараны үгіт кампаниясының соңғы күнінде кездейсоқ өткізіп отырған жоқпыз. Бұл шара Астанада ғана емес, еліміздің басқа да ірі қалаларында қолға алынды. Ақ көгершіндерді ұшыру арқылы біз ниетіміз бен насихаттап жүрген идеямыздың таза екендігін көрсеттік.

Біздің мақсатымыз бен міндетіміз қарапайым және баршаға түсінікті. Партия жаңарған Парламентке өз жақтастарының сенімін ақтайтындығына сеніп бара жатыр»,  - деді ол.  

ҚКХП атынан депутаттыққа үміткер Виктор Смирнов ақ көгершіндердің аспанда самғауы өз идеяларының салтанат құрғандығының белгісі екенін атап көрсетті.

«Біз Адам, Жақсылық және Бейбітшілік деген құндылықтарды насихаттадық. Бұл ұғымдарды әлемнің кез келген бұрышындағы әр адам түсінеді. Біздің сеніміміз партия аясына топтасып жатқан жақтастарымыздың арқасында нығайып келеді. Осыған дейін жүріп өткен жолымызға бұрылып қарасақ, халықтың бізге білдіріп отырған сенімін сеземіз және жақтастарымызға жерге қаратпайтындығымызды жеткіземіз», - деді Виктор Смирнов.         

Жиын соңында Астанадағы акцияның қатысушылары бюллетеньдегі қанат белгісінің қалпында сап түзеп, сайлаушыларды ҚКХП - ға дауыс беруге шақырды.

 

[gallery columns="5" link="file" ids="72743,72744,72745,72746,72747,72748,72749,72750,72751,72752,72753,72754,72755"]

 

ҚКХП баспасөз қызметі

тел: 8-7172- 29-39-90;

8-7172-29-41-23;

8-701-461-78-58

Прочитано 20 раз
Другие материалы в этой категории: « «Көкше» академиясының оқытушыларымен кездесу өтті

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.