Өскемен қаласының Чехов көшесінің бойында ҚКХП атынан ҚР Президенттігіне үміткер Жамбыл Ахметбековтың үгіт баннері орнатылды.

2019 жылдың 9 мамырында Шығыс Қазақстанның барлық қалалары мен ауылдарында Жеңіс күні аталып өтілді. Соңғы жылдары «Мәңгілік полк» мерекелік акциясын өткізу аймақ азаматтары арасында үлкен танымалдылыққа ие. Шығыс Қазақстанның халық коммунистері де бұл акцияға белсене қатысады.

Семей қаласының тұрғындары Премьер-министрдің орынбасары Г. Әбдіхалықовамен, білім және ғылым, денсаулық сақтау сонымен қатар еңбек және әлеуметтік қорғау министрлерімен кездесті.

2019  жылдың 22 сәуірінде Шығыс Қазақстанның халық коммунистері В.И.Лениннің туған күніне арналған салтанатты жиын өткізді. Жиын барысында Алтай ауданының жастары үшін «Зырян орман шаруашылығы» ҚМУ-дың еңбек ұжымымен кездесу ұйымдастырылды.

В.И. Лениннің туған күні қарсаңында, 21 сәуір күні ШҚО Алтай өңірінің халық коммунистері ҚКХП Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің бірінші хатшысы Шыңғыс Байдаулетовтың бас болуымен ұлы көсемнің құрметіне арнап акция өткізді.

2019 жылы 16 сәуірде Шығыс Қазақстанның халық коммунистері ШҚО сараптау және болжау институтының мәжіліс залында «Мамандықты дұрыс таңдау – өмірдегі сәттіліктің кепілі. Қай жерден білім алуға болады?» деген тақырыпта дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға облыстық ішкі саясат және білім басқармаларының өкілдері, Өскемен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері сондай-ақ аймақтық колледждердің ұстаздары қатысты.

Алтай қаласында 13 сәуір күні Шығыс Қазақстанның халық коммунистері «Мамандықпен танысу» акциясын өткізді. Іс-шараға қала мектептеріндегі жоғары сынып оқушылары мен мұғалім, экономист-бухгалтер, іс жүргізуші, орман шаруашылығы қызметкерлері сияқты түрлі мамандық иелері қатысты.

Понедельник, 08 апреля 2019 13:34

"Сәлем, көктем!"

2019 жылдың 7 сәуірінде Семей қаласының Мәдениет сарайында халықтық ардагерлер хорының "Сәлем, көктем!" атты есептік концерті өтті. Хор жетекшілері ҚР мәдениет және білім беру саласының құрметті қызметкері Александр Барабанов пен Ұлттық хор кеңесінің төрағасы Тамара Сумбулова.

Страница 1 из 9

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.