Среда, 24 января 2018 13:54

ШҚО-ның халық коммунистері жыл басын қайырымдылықтан бастады

Оцените материал
(0 голосов)

2018 жылдың қаңтар айында Шығыс Қазақстанның халық коммунистері Қазақстан Коммунистік Халық партиясының танымалдылығын арттыру мақсатында Өскемен қаласының тұрғындарына ҚКХП-ның 2018 жылға арналған күнтізбелерін, «Коммунист Казахстана» журналының соңғы номерін таратып, «Шапағат» халықтық жобасы туралы ақпарат берді.

22 қаңтар күні обком мүшелері Өскемен қ. №2 Жергілікті өзін-өзі басқару комитетінде және «Гидросталь» ЖШС зауытында болды.

«Гидросталь» кәсіпорнының басшысы А.Т. Синицынамен кездесу барысында коммунистер мекеменің жұмысымен, өндірістік жоспарлармен және қызметкерлердің әлеуметтік жағдайымен танысты. Сонымен қатар обком белсенділері кәсіпорын басшылығынан мүгедек баланың анасы Светлана Кошелеваға көмек көрсетуді сұрады.  Светлананың қызы даун синдромына шалдыққан. Балаға үнемі күтім мен қарау қажет, сол себептен Светлана тұрақты жұмысқа орналаса алмайды, бұған қоса ол әйелдер арасында сирек кездесетін ұста маманы болып табылады. Отбасы қыз баланың мүгедектігі бойынша төленетін жәрдемақыға және жолдасының азын-аулақ табысына күн көреді. Светлананың жолдасы да мүгедек, бірақ мүмкіндігінше жұмыс істеуге талпынады. Светлана собес пен қайырымдылық қорлардың табалдырығын тоздырып жүрген жоқ, шамасы келгенше өз еңбегімен ақша табуға тырысады. Оның ең басты өтініші ұста өнімдеріне тапсырыс қабылдауға және алғашқы уақытта металл мен көмір  алуға көмектесу болып табылады. Жұмыс үшін қажетті басқа заттар Светланада бар. Сол себептен Светлана ҚКХП ШҚОБ-ға қолдау сұрап келді. Обком қызметкерлері бірден «Гидросталь» ЖШС кәсіпорнына хабарласты, олар кең ауқымда халық шаруашылығына қажетті тапсырыстар қабылдайды. Кәсіпорын жетекшісі С.Кошелеваның отбасына қажетті көмек көрсетуге, соның ішінде  тапсырыстармен қамтып отыруға уәде берді.

№2 Жергілікті өзін-өзі басқару комитетінде коммунистер жұмыс барысымен, аумақтық  аббаттандыруды дамыту бойынша жобалардың іске асырылуымен және шағын аудан тұрғындарының мәселелерімен танысты. Осы кездесуде шағын ауданның көпбалалы отбасыларына «Шапағат» жобасынан қайырымдылық көмек көрсетілді.

№2 ЖӨК жетекшісінің орынбасары Саида Тлеуді ҚКХП-ға тұрақты көрсетілетін қолдау мен көмек үшін шексіз алғысын белдірді.

ҚКХП ШҚОБ Баспасөз орталығы

20180122 150748 ok20180122 150748 ok

Прочитано 59 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.