Суббота, 03 марта 2018 10:15

ШҚО коммунистері «Шапағат» жобасы аясында Алғыс айту күнін атап өтті

Оцените материал
(0 голосов)

2018 жылдың 2 наурызында Өскемен қаласындағы «Жігер» балалар шығармашылығы орталығының ғимаратында «Шапағат» жобасы аясында жиналған киімдер №2 шағын ауданының әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларына үлестірілді.

«Аймақтың  халық коммунистері  басқа да саяси партия бөлімшелері мен қоғамдық ұйымдармен бірлесе, өмірдің қиын жағдайына тап болған адамдарға көмек көрсетуге әзір», - деді обкомның екінші хатшысы Сергей Михеев.

Сонымен қатар екінші хатшы халық коммунистерінің халықтың әлеуметтік жағынан осал тобына қолдау көрсетуге бағытталған «Шапағат» жобасы аясындағы іс-шаралар мен басқа да акциялар туралы айтып берді.

Кездесу соңында шағын ауданның атқарушы билік өкілдері мен жергілікті өзін-өзі басқару комитеті Ардагерлер кеңесі мүшелерінің арасында пікір алмасу болды. Барлығы бірауыздан алдағы өзара байланысты қолдап, жоспардағы іс-шараларға бірге атсалысуға келісті.

«Шапағат» халықтық жобасы аясындағы бұл акция Алғыс айту күніне орай ұйымдастырылды.

ҚКХП ШҚОБ Баспасөз орталығы

Shap2Shap2

Прочитано 53 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.