Понедельник, 16 апреля 2018 10:30

ШҚО-ның жас коммунистері «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» күнін атап өтті

Оцените материал
(0 голосов)

2018 жылдың 13 сәуірінде ҚКХП ШҚОК Жастар қанаты «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» - ғашықтар күніне орай акция ұйымдастырды.

Бұл акция осымен екінші жыл қатарынан өткізіліп отыр. Акция барысында Өскеменнің орталық көшелерінде жастар, жас ата-аналар мен олардың балалары бір біріне ізгі тілектер айтып, жақсы көңіл күй сыйлайды.

Өткен жылы іс-шараға арнайы жарты сағаттық видеобейне түсірілген болатын. Биыл ауа райының қолайсыздығына байланысты қала тұрғындарына естелік кәдесыйлар табысталып, фотосуретке түсумен ғана шектелуге тура келді. Дегенмен  акция қала тұрғындарының көңілінен шықты. Жастарға ескірмейтін махаббат, адалдық пен өмірлік құндылықтарға деген сенімділік туралы қызықты әңгімелер айтылды.  Іс-шараның негізгі мақсаты да осы болатын - ұлттық мәдениет пен рухани құндылықтарды жаңғырту және арттыру, жастар арасында өткен тарихқа деген қызығушылықты дамыту.

ҚКХП ШҚОК Баспасөз орталығы

KKBS6KKBS6KKBS6KKBS6KKBS6KKBS6

Прочитано 73 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.