Пятница, 20 апреля 2018 11:30

Өскеменде «Лениндік идеялардың өзектілігі» тақырыбында конференция өтті

Оцените материал
(0 голосов)

19 сәуір күні В.И. Лениннің 148 жылдығы қарсаңында Өскеменде «Лениндік идеялардың өзектілігі» тақырыбында қоғамдық конференция өтті.  ҚКХП Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің ұйымдастыруымен өткен іс-шараға облыс орталығынғы қоғамдық ұйымдары мен «Ақ жол», «Ауыл» саяси партиялары облыстық бөлімшелерінің өкідері қатысты.

Конференцияның алғы сөзінде ҚКХП ШҚОК бірінші хатшысы Шыңғыс Байдәулетов: - Бүгін біз алғаш рет әлемде  әлеуметтік қоғамның жаңа  үлгісі – социалистік мемлекет құруға іс жүзінде кіріскен ұлы тұлғаның құрметіне жиналып отырмыз. Бізге Ленин бастаған социалистік жобаның тиімді тұстарын саралау қажет. Бұл жоба 70 жыл бойы азаматтарға не берді? Сол кездегі саяси және мемлекеттік құндылықтардың қайсысын қазіргі заманға лайықтап бейімдеуге болады? Міне, біз бүгін осы жайлы әңгіме қозғаймыз», - деді.  Конференцияда обкомның екінші хатшысы Сергей Михеев та сөз сөйледі, ол өзінің шағын баяндамасында социалистік қоғам мен мемлекет құруда лениндік тұжырымдамалардың негізгілеріне тоқталып өтті.

Конференция барысында В.Лениннің кеңестік қоғам өміріндегі рөлі, сол кездегі және қазіргі адамдардың социалистік идеяларды қабылдауы  туралы пікір алмасу өтті. Қатысушылардың басым бөлігі социалистік идея қарапайым адамдар үшін өте қолайлы екендігіне тоқталды, себебі ол  игіліктерді жекелеген элиталық топқа емес, барлығына бірдей үлестіруге негізделген болатын.

Отырыс соңында қоғам өкілдері облыстық комитет жетекшілігіне ашық түрде пікір алмасуға, қажетті ақпарат алуға мүмкіндік бергендері үшін алғыстарын білдірді. Көптеген қатысушылар конференцияның ресми бөлігінен кейін  сәуірдің  22  күні Өскемендегі В.И. Лениннің ескерткішіне гүл шоқтарын қою акциясына қатысуға ниет білдірді.

ҚКХП ШҚОК Баспасөз орталығы

VKO5 1 4VKO5 1 4VKO5 1 4VKO5 1 4

Прочитано 9 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.