Вторник, 12 июня 2018 13:04

Заманауи білім – өркендеген мемлекеттің іргетасы

Оцените материал
(0 голосов)

2018 жылдың 7 маусымында Өскемендегі ҚКХП ШҚОБ кеңсесінде «Заманауи білім – өркендеген мемлекеттің іргетасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Отырысқа білім беру басқармасының, саяси партия бөлімшелерінің, қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Басқосуда Төртінші өнеркәсіптік революцияның технологиялары мен ұстанымдарын енгізуді жеделдетуге бағытталған басты мемлекеттік міндеттерді іске асыру сұрақтары талқыланды. 

ҚКХП ШҚОБ бірінші хатшысы Шыңғыс Байдәулетов өз сөзінде:

-  Қазіргі таңда әлем бойынша технологиялық және өнеркәсіптік революция орын алып отыр. «Ақылды» технологиялар пайда болып, еңбек өнімділігі артуда. Дамыған елдерден қалмас үшін біздің елге әлемдегі озық  технологиялық үлгілерді пайдалана отырып, экономиканы жаңғырту мен жетілдіруге күш салу керек. Бірақ бұл үдеріс жаңа технологияларды тәжірибеде пайдалана алатын білікті кадрларсыз іске аспайды. Бұл жерде отандық білімнің басымдығы айқын. Барлық деңгейдегі білім беру мекемелерінде заманауи экономиканың сын-тегеуріндеріне біліктілігі мен даярлықтарымен жауап бере алатын кадрлар әзірленуі тиіс, - деді.

Сонымен қатар отырыста ШҚО ТжКББ және КДО директорының орынбасары Дамир Серғазыұлы баяндама оқыды. Ол Орталықтың білім беру үдерісін жаңғырту  мақсатындағы іс-әрекеттері туралы айтып берді. «Қазіргі таңда барлық білім беру мекемелерінің жұмысы технологияларды жақсы меңгерген, ақпараттық алаңда жұмыс істей алатын жастарды даярлауға бағытталған. Роботизация, латын әліпбиін үйрену, ғылыми-зерттеу жұмыстарда жаңа технологияларды игеру сияқты бағыттар бойынша ілгерілеу белсенді жүріп жатыр. Бүгінгі таңда облыстың 675 орта мектебінің 90% интернет желісіне қосылған, алайда сигналдың жету жылдамдығында біраз мәселелер бар. Мемлекеттік білім гранттары, әсіресе жергілікті бюджет есебінен берілетін орындар саны артып келеді. Соңғы жылдары сұранысқа ие мамандықтар бойынша кәсіби-техникалық білім бағыты негізінде 7000 маман даярлықтан өтті. Дегенмен жекелеген сала бойынша кадр тапшылығы бар. Білім беру мекемелері мен өндіріс және кәсіпкерлік нысандары арасындағы өзара байланыс та ретке келтірілмеген. Кәсіпкерліктің жас мамандарды даярлау үдерісіне қатысу және олардың біліктілігі мен мамандығына сай жұмыс орнын ұсыну мәселесі де бар. Дегенмен бұл бағыт бойынша да біраз жұмыстар атқарылып келеді», - деді ол.

Дөңгелек үстел жұмысы барысында барлық қатысушылар жоғары технологиялар мен инновацияларды енгізу мен дамытудың басты қозғаушы күші ретінде адами капиталды дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларға қолдау білдірді.

ҚКХП ШҚОБ Баспасөз орталығы

DSCN0964DSCN0964DSCN0964

Прочитано 24 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.