Среда, 20 июня 2018 16:08

Шығыс Қазақстандық коммунистер Бобровка ауылы тұрғындарымен кездесті

Оцените материал
(0 голосов)

Жуырда ҚКХП ШҚОБ өкілдері Глубокое ауданының Бобровка ауылына барып, тұрғындармен кездесті. Коммунистердің басты мақсаты ауыл тұрғындары мен «Бобровка+» ЖШС еңбек ұжымын Қазақстандағы ауылдық аумақтарды дамыту  туралы  ҚКХП-ның бастамасымен таныстыру болды. 

Кездесу алдында барлық қатысушыларға ҚКХП ОК Мәлімдеме мәтіні таратылды.

- Біз бүгін сіздерден ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға, өмір сапасын жақсартуға қатысты пікір мен ұсыныс тыңдауға әзірміз. Сіздердің әрбір пікіріңіз біз үшін, құрылғаннан күнінен бастап барлық өкілетті билік деңгейінде ауыл жұмысшыларының мүддесін қорғап жүрген біздің партия үшін маңызды, - деді өз сөзінде обкомның бірінші хатшысы Шыңғыс Байдәулетов. 

 Кейін Шыңғыс Байдәулетов қатысушыларды ауылдық аумақтарды дамыту мәселелеріне арналған ҚКХП ОК-ның Мәлімдеме мәтінімен таныстырып шықты.

Обкомның екінші хатшысы Сергей Михеев   ҚКХП ШҚОБ-ның ауылдық аумақтарды дамыту бойынша жүргізген мониторинг нәтижелерімен таныстырды. «Облыс аудандарына қатысты мынадай ақпарат ұсынып отырмыз: өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандар үлесі әлі күнге дейін көп - 23%-дан 72%-ға дейін; барлық аудандарда ветеринар, зоотехник, дәрігер, педагог, агроном және т.б. білікті мамандар тапшылығы байқалып отыр. Ауылды жерлерге жас мамандарды тартуға бағытталған шаралар жеткіліксіз болып тұр. Ресми мәлімет бойынша аудан тұрғындарының орташа айлық жалақысы 80-130 мың теңгені құрайды.  Бірақ бұл көрсеткіш қызметкерлер мен аудандық мекеме жұмысшыларының жалақысынан құралатыны белгілі. Бұған қарапайым жұмысшылар мен өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандардың табысы кірмейді. Ауылды жерлердегі шынайы жалақының көрсеткіші ретінде 50-70 мың теңгені көрсетуге болады. Кейбір ірі шаруашылықтарда бұл көрсеткіш 100 мың теңгеге дейін жетеді. Бірақ мұндай шаруашылықтар облыс бойынша саусақпен санарлық. Аумақта интернет желісі де дамымаған. Бұл жағынан ШҚО республика бойынша 16 аумақтың ішінде 15-ші орынды алып отыр. Бұл жағдай ҚКХП ОК Мәлімдемесіндегі ауылдық аумақтардың инфрақұрылымы заманауи талаптардан қалып бара жатыр дегенді дәлелдеп отыр».

«Бобровка+» ЖШС директоры Талғат Қырықбаев ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелерді көтерді: «Мемлекет белсенді түрде ауыл мен саланы қолдауы тиіс. Барлық әлемде ауыл шаруашылығы өндірісі дотацияланады. Бізде орташа шаруашылықтардың да ауылдардың әлеуметтік инфрақұрылымын қолдауға мүмкіндіктері жоқ. Біздің шаруашылықта барлық өндірістік шығынның 37 пайызы қызметкерлердің жалақысына кетеді. Бұл өте жақсы көрсеткіш. Бірақ лайықты жалақы төлеу үшін бұл да жеткіліксіз. Ал жалақы деңгейін көтере алмаймыз, себебі ол өндірістің табыстылығы мен рентабельділігіне қайшы келеді.   Өндірістің толыққанды дамымауы мен еңбек өнімділігінің төменділігінің басты себебі – әлемдік нарық бағасына тәуелділік, елдегі инфляция, заманауи мамандардың нашар даярлығы, тұқым, тыңайтқыш, техника және қосалқы бөлшектер  импортерларына толыққанды тәуелділік. Бұл факторлардың барлығы саланың дамуын тежеп, ауылдың инфрақұрылымы мен жағдайына тікелей әсер етеді. Біз ҚКХП ОК пікірімен келісеміз, өндірістік қалалар мен ауылдар арасындағы теңгерімсіздікті қысқарту қажет, әйтпесе бұл ауыл шаруашылығындағы ауыр дағдарысқа, ауыл тұрғындарының орталықтарға көшіп кетуіне және ауылдық аумақтардың деградациясына алып келуі мүмкін».

 Коммунистер Бобровка ауылының қатардағы тұрғындарымен де сөйлесіп, олардың көкейлерінде жүрген мәселелерге қатысты пікірлерін білді. Оларды жеке мәселелері бойынша ҚКХП ШҚОБ қоғамдық қабылдауына келуге болатыны туралы хабардар етті.  Кездесу соңында обком делегациясы Бобровка ауылының кітапхана ұжымымен кездесті, кітапханашылар халық коммунистерін өз жұмыстарымен таныстырып, ауыл кітапханаларын сақтап қалу ісіне қосып жатқан үлестері үшін алғыстарын білдірді.

ҚКХП ШҚОБ Баспасөз орталығы

4444

Прочитано 66 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.