Вторник, 26 июня 2018 16:23

ШҚО коммунистері ауыл тұрғындарын ҚКХП-ның ауылдық аумақтарды дамыту бастамаларымен таныстырды

Оцените материал
(0 голосов)

23 маусым күні Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің халық коммунистері Зырян ауданы, Алтынсай ауылындағы «Шығыс» шаруа қожалығының жұмысшыларымен кездесті. Кездесу облыстық комитеттің бірінші хатшысы Шыңғыс Байдәулетов пен Зырян аудандық комитетінің хатшысы Жанар Байдәулетованың қатысуымен өтті.  

Кездесудің басты мақсаты ҚКХП ОК-ның Қазақстандағы ауылдық аумақтарды дамыту мәселесіне қатысты Мәлімдемесін шаруаларға таныстыру болды.

Осы жылдың көктемінде ҚКХП ауылдық аумақтарды дамытуға қатысты кешенді партиялық бастаманы көтерді. Халық коммунистерінің пайымдауынша, бұл бастаманы Үкімет қолдаған жағдайда, Қазақстиандағы ауыл мен қала арасындағы өмір сүру жағдайының теңгерімсіздігін жойып, осы мәселеге байланысты туындайтын әлеуметтік шиеленістің алдын алуға болар еді.

Шаруа қожалығының жұмысшылары қонақтарды жұмыс барысы және ауыл өмірімен таныстырып, ауылды жерлердегі жағдайды жақсарту, ауыл мен ауданның әлеуметтік  инфрақұрылымын дамытуға қатысты ұсыныстарын айтты.

Кездесуден кейін обком жетекшісі Шыңғыс Байдәулетов Ұлы Қазан Социалистік революциясының 100 жылдығына арналған мерейтойлық медальды шаруа қожалығының жетекшісі Ержан Бухотановқа табыстап, оған және барлық ұжымға Қазақстанның өркендеуіне қосып жатқан үлестері үшін алғыс білдірді. Жұмысшыларға партияның имидждік өнімдері мен «Коммунист Казахстана» журналы үлестірілді.

ҚКХП ШҚОБ баспасөз орталығы

вввввв

Прочитано 15 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.