Пятница, 02 ноября 2018 15:03

Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің делегаты БЛКЖО-ның 100 жылдығына арналған республикалық конференцияға қатысты Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Астанада 2018 жылдың 28 қазанында «Бүкілодақтық лениншіл коммунистік жастар одағының (БЛКЖО) 100 жылдығы» республикалық конференциясы өтті. Конференцияға ҚКХП ОК Хатшылары А.Қоңыров пен Д.Легкий, Куба Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Э.Пупо, ҚХР-дың Қазақстан Республикасындағы Елшісінің екінші хатшысы В.Лухуа және барлық облыстық комитеттердің делегаттары қатысты. ҚКХП Шығыс Қазақстан облыстық комитеті атынан конференция жұмысына Залина Тұрарова қатысты.

Отырыстың басты тақырыбы коммунистік жастар қозғалысын саяси, экономикалық және мәдени тарихта дамыту болды.

Комсомолдық ұйым КСРО-ның жастарын патриоттық тұрғыдан тәрбиелеуде маңызды рөль атқарды және бейбітшілік еңбек құрылысы мен Екінші дүниежүзілік соғысы майданында үлкен нәтижелерге қол жеткізді. Елдің индустриалды жаңғыруы, ғылыми-техникалық революция, мәдениеттің, өнер мен білімнің  дамуы – мұның барлығы комсомол тәрбиелеген қыз-жігіттердің қосқан үлесі мен алған асулары.

Бүгінгі Қазақстанда ҚКХП өзінің Жастар қанатын дамытып келеді.  Конференцияда қабылданаған резолюцияда Қазақстан коммунистік жастар одағы Мемлекет басшысының 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауын қолдайтындығы және мемлекет пен жастар арасындағы байланыста оң өзгерістерге үміт артатындығы айтылды.

100letastana5100letastana5100letastana5100letastana5100letastana5

Прочитано 21 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.