Четверг, 28 февраля 2019 15:47

Семей қалалық комитеті вокалдық байқау жеңімпаздарын марапаттады Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

2019 жылдың 26 ақпанында Семейде Жастар жылына орай «Ұлы дала сазы» І аймақтық вокал байқауы өтті. Абай атындағы қалалық кітапхана сахнасында облыстың қалалары мен аудандарындағы іріктеу кезеңінен өткен үздіктер өнер көрсетті.

Байқау «ШҚО Жастар және балалар ұйымдарының ассоциациясы» ЗТБ Семей қалалық бөлімшесінің бастамасымен ұйымдастырылды. Байқаудың басты мақсаты дарынды жас орындаушыларды табу және қолдау, жетекшілер арасында тәжірибе алмасу, әрбір қатысушыға өзін көрсетуге мүмкіндік беру, балалар мен жастар арасында достық байланысты нығайту болды.

ҚКХП Семей қалалық комитетінің жетекшісі Оксана Шишкина байқауға әділ-қазы ретінде қатысты.

«Балалар сахна төрінде жоғары деңгейде өнер көрсетті. Бірақ байқаудың аты байқау, әрқашанда үздіктерді таңдау керек», - деді ол.

5-7 жас аралығындағы қатысушылар арасында бірінші орын Мария Савиноваға, 15-17 жас аралығындағы санатта екінші орын Асыл Оразбаеваға бұйырса, 11-14 жас санатында өнер көрсеткен Аружан Дәулетханқызы үшінші орын жеңімпазы атанды.

Байқау жеңімпаздарына грамоталар мен кубоктар және арнайы  сыйлықтар табысталды.  Ал ҚКХП Семей қалалық комитеті жеңімпаздарды партия атынан өзінің сыйлықтарымен марапаттады.

SemeyKonkurs 8SemeyKonkurs 8SemeyKonkurs 8SemeyKonkurs 8SemeyKonkurs 8SemeyKonkurs 8SemeyKonkurs 8SemeyKonkurs 8

Прочитано 126 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.