Вторник, 23 апреля 2019 15:40

ШҚО коммунистері В.И. Лениннің туған күніне орай салтанатты жиналыс өткізді Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

2019  жылдың 22 сәуірінде Шығыс Қазақстанның халық коммунистері В.И.Лениннің туған күніне арналған салтанатты жиын өткізді. Жиын барысында Алтай ауданының жастары үшін «Зырян орман шаруашылығы» ҚМУ-дың еңбек ұжымымен кездесу ұйымдастырылды.

Бұл ұйым 1933 жылдан бері жұмыс жасайды, оның мақсаты орманның орта қалыптастырушы, қорғаушы, санитарлық-гигиеналық, сауықтыру және өзге де пайдалы қызметін сақтау болып табылады. Бұл - 400 мың гектар аумақты қамтып отырған Қазақстандағы ірі орман шаруашылықтарының бірі. Орман мекемесінде аумағы 15 га құрайтын орман көшеттігі бар.  Бұл жерде сібір шыршасы мен ақ қайыңның көшеттері өсіріледі. Жылына 300-ден 400 мыңға дейін көшет отырғызылады. Көшетте өсірілген шыршалар Қазақстанның көптеген қалаларында өсіп жатыр.

Жетекші Андрей Янышевский бастаған орман шаруашылығының өкілдері орманшылардың жұмыс ерекшеліктері, олардың кәсіби міндеттері, еңбек жағдайы туралы айтып берді. Сонымен қатар алдын-алуға бағытталған  кешенді шаралар, орман өртінің алдын-алу мен өшіру, өрт қауіпсізідгі ережелерін сақтау мен ормандағы санитарлық ережелер туралы кеңінен айтылды.

Өз кезегінде ҚКХП ШҚОБ бірінші хатшысы Шыңғыс Байдәулетов  жиналғандарды ҚКХП-ның қызметімен және «Халық коммунистері» фракциясының өзекті депутаттық сауалдарымен, Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің жұмысымен таныстырды. Сондай-ақ бірінші хатшы әлем пролетариатының көсемі В.И. Лениннің қызметі мен тарихи рөлі  туралы баяндама жасады.

Іс-шара соңында Ш.Байдәулетов орман шаруашылығының қызметкерлері мен жастарға комитет атынан естелікке ҚКХП-ның нышаны бейнеленген  кәдесыйлар табыстап, «Коммунист Казахстана» журналын үлестірді.

vkotoraprel 1vkotoraprel 1vkotoraprel 1

Прочитано 132 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.