Пятница, 11 января 2019 18:05

Балаларға арналған тосынсый

ҚКХП Семей қалалық комитетінің белсенділері бірінші хатшы Оксана Шишкинаның басшылығымен «Шапағат» жобасы аясында Жаңа жылға арналған акция өткізді.

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Шығыс Қазақстан облыстық комитеті БЛКЖО-ның 100 жылдығына орай комсомол ардагерлері мен ҚКХП Жастар қанатының белсенділерін  естелік медальдармен марапаттау рәсімін  жалғастырып келеді.

2018 жылдың 29 қарашасында Семей қаласының қалалық кітапханасында Ризабек Махудаевтың «40 лет в боевом строю» кітабының таныстырылымы өтті. Іс-шараға  Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің ардагерлері, Радиотехника және байланыс колледжінің студенттері, Семей қ. Әскери полициясының қызметкерлері, еңбек ардагерлері қалалық хорының қатысушылары және хатшы Оксана Шишкинаның басшылығымен ҚКХП Семей қалалық комитетінің белсенділері қатысты.

2018 жыдың 26-27 қараша күндері ҚКХП Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің белсенділері «Таза подъезд» акциясын өткізді. Акцияның мақсаты көппәтерлі тұрғын үйлердің тұрғындарын подъезд бен аулаларда тазалық сақтауға шақыру. Іс-шара барысында азаматтарға ақпараттық парақшалар таратылып, жылу энергиясын үнемдеу қажеттілігі туралы айтылды. Ол үшін тұрғын үйлердің шатырлары мен жертөлелерді жылыту маңыздылығы да айтылды. Бұл шаралар жайлылық пен жылу энергиясына жұмсалатын қаражаттың үнемделуіне өз септігін тигізеді.

Жуырда «Нұр Отан» партиясының ұйымдастыруымен Президенттің «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» бірінші әлеуметтік бастамасын іске асыру жөніндегі қоғамдық бақылау бойынша жұмыс тобының отырысы өтті. Отырысқа ҚКХП ШҚОБ бірінші хатшысы Шыңғыс Байдәулетов қатысты.

ҚКХП Зырян аудандық комитетінде Ұлы Қазан социалистік революциясының 101 жылдығы мен комсомолдың 100 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті.

2018 жылдың 19-21 қараша күндері ҚКХП Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің белсенділері облыс орталығында «Бірге жақсылық жасаймыз» акциясын өткізді.

2018 жылдың 5 қарашасында Өскемен қаласында «Қазақстан – Еуразияның логистикалық орталығы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жиында Мемлекет басшысының Жолдауы талқыланды. ШҚО талдау және болжау институтында өткен іс-шараға облыстық ішкі саясат және білім басқармаларының, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері және БАҚ қатысты.

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.