Астанада 2018 жылдың 28 қазанында «Бүкілодақтық лениншіл коммунистік жастар одағының (БЛКЖО) 100 жылдығы» республикалық конференциясы өтті. Конференцияға ҚКХП ОК Хатшылары А.Қоңыров пен Д.Легкий, Куба Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Э.Пупо, ҚХР-дың Қазақстан Республикасындағы Елшісінің екінші хатшысы В.Лухуа және барлық облыстық комитеттердің делегаттары қатысты. ҚКХП Шығыс Қазақстан облыстық комитеті атынан конференция жұмысына Залина Тұрарова қатысты.

25 қазан күні ҚКХП Шығыс Қазақстан облыстық комитеті комсомолдың 100 жылдығына арналған дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараның басты мақсаты ағымдағы жастар саясатын талдау, оны БЛКЖО қызметі негізінде кеңестік тәжірибемен салыстыру болды. Отырысқа облыстық бюро мүшелері, ҚКХП мен Жастар қанатының белсенділері, партия және комсомол ардагерлері, саяси партия мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері және БАҚ  қатысты. ҚКХП ШҚОБ бірінші хатшысы Шыңғыс Байдәулетов іс-шара қонақтарына көрсетілген қолдау үшін алғыс айтты. Бірінші хатшы өзінің баяндамасында тарихта Лениндік комсомол сияқты қуатты жастар қозғалысының басқа үлгісі жоқ екендігін, ондаған жылдар бойы көптеген жас ұрпақ үшін өмір мектебі болғандығын атап өтті.

2018 жылдың 24 қазанында Семейдегі Абай атындағы театрда БЛКЖО-ның 100 жылдығына арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара ҚКХП Семей қалалық комитетінің ұйымдастыруымен және «СМЗ» АҚ бас директоры Нұрлан Омаровтың қолдауымен өтті. Мерекелік іс-шараға 400-ден астам адам қатысты. Барлық қатысушыларға «Комсомолға 100 жыл» атты төсбелгілер мен комсомол туралы әндер жазылған дисктер табысталды.

2018 жылдың қазан айында ҚКХП Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің кеңсесінде ТКШ туралы ҚР-ның жаңа  заң жобасына түзетулер енгізу бойынша қоғамдық тыңдаулар өтті. Басқосуға облыстық саяси партия бөлімшелерінің өкілдері, Өскемен қ. ПИК ассоциациясы басқармасының басшылығы мен мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты.

13 қазан күні Семейде БЛКЖО-ның 100 жылдығына арналған флеш-моб өткізілді. Іс-шараға №25 және №34 орта мектептердің оқушылары қатысты.  ҚКХП Семей ҚК мен ҚКХП облыстық бөлімшесінің Жастар қанаты атынан ең белсенді қатысушыларға мадақтама қағаздары мен сыйлықтар табысталды.

2018 жылдың 8 қазанында Қоғамдық кеңес «Қазақстан Республикасы Президентінің бірінші және үшінші әлеуметтік бастамасын іске асыру барысы туралы» тақырыбында отырыс өткізді. Отырысқа ҚКХП Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің бірінші хатшысы Шыңғыс Байдәулетов қатысты.

Ұстаздар күні қарсаңында ҚКХП Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің қызметкерлері Өскемен қаласындағы  Шәкәрім атындағы №1 орта мектептің мерекелік іс-шарасына қатысты.

2018 жылдың 2 қазанында Өскеменде ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет агенттігінің ШҚО департамені ғимаратында халық коммунистері партиясының облыстық бөлімшесі «Қазақстан жастары – кеше, бүгін, ертең» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Отырыс аймақта мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға арналды.

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.