19 сәуір күні В.И. Лениннің 148 жылдығы қарсаңында Өскеменде «Лениндік идеялардың өзектілігі» тақырыбында қоғамдық конференция өтті.  ҚКХП Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің ұйымдастыруымен өткен іс-шараға облыс орталығынғы қоғамдық ұйымдары мен «Ақ жол», «Ауыл» саяси партиялары облыстық бөлімшелерінің өкідері қатысты.

2018 жылдың 13 сәуірінде ҚКХП ШҚОК Жастар қанаты «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» - ғашықтар күніне орай акция ұйымдастырды.

2018 жылдың 12 сәуірінде ҚКХП Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің белсенділері мен Жастар қанаты ҚКХП қызметін аймаққа таныту мақсатында Өскеменде акция ұйымдастырды.

Акция барысында партия белсенділері қаланың орталық көшелері мен Жамбыл атындағы және «Жастар» саябағында  халық коммунистері партиясының қатарына қосылуға шақыратын парақшалар таратты.

ҚКХП Оңтүстік Қазақстан облыстық комитеті Шымкент қаласының техникалық колледжімен бірлесе «Мамандықпен танысу» акциясын өткізді. Акция барысында жоғары сынып оқушылары «Электроаппарат» ЖШС өндіріс ардагерлерімен, инженер-механик, директор орынбасары Альберт Толщинмен және азық-түлік өндірісінің инженер-технологы Күлзада Алдабергеновамен кездесті.

2018 жылдың 26 наурызында ҚКХП Семей қалалық комитеті №8 балалар   үйінің тәрбиеленушілеріне кәсіпорындар мен жеке бизнес өкілдерімен және Ұлттық ұлан қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырды. Кездесудің мақсаты  тәрбиеленушілердің ой өрісін кеңейту, олардың мамандық туралы білімін жүйелеу, еңбекке баулу және қызығушылық таныту болды.

2018 жылдың 2 наурызында Өскемен қаласындағы «Жігер» балалар шығармашылығы орталығының ғимаратында «Шапағат» жобасы аясында жиналған киімдер №2 шағын ауданының әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларына үлестірілді.

28 ақпан күні Өскемен қаласындағы ҚКХП ШҚОБ кеңсесінде 2018 жылдың қаңтар айында Президенттің Қазақстан халқына жолдаған кезекті Жолдауы талқыланды.

Отырысқа Өскемен қаласы ішкі істер бөлімінің, облыстық білім беру басқармасының, облыстық тілдерді дамыту басқармасының және қоғамдық бірлестіктер мен облыстық саяси партия бөлімшелерінің, еңбек ұжымдарының өкілдері мен жастар қанатының белсенділері қатысты.

21 ақпан күні ҚКХП ШҚОБ кеңсесінде Қызыл әскердің 100 жылдығына арналған отырыс ұйымдастырылды. Жиынға «Нұр Отан», «Ақ жол», «Ауыл» саяси партиялары облыстық бөлімшелері мен «ҚР Қарулы күштерінің облыстық ардагерлер кеңесі», «Өскемен қ. Ауған соғысы ардагерлерінің ұйымы», «Поколение» сияқты қоғамдық ұйымдардың өкілдері және қалалық ішкі саясат бөлімінің қызметкері Д.Елубаев қатысты.

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.