2018 жылдың 14 ақпанында Өскемен қаласында ҚКХП ШҚОБ кеңсесінде «Қазақстандағы инфляция. Келер жылдан не күтеміз?» тақырыбында қоғамдық пікірталас өтті.  Басқосу ШҚО-ның әлеуметтік-экономикалық секторында  қалыптасқан жағдайды талдауға арналды. Кездесуге облыстық ішкі істер, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармаларының, облыстық саяси партия бөлімшелері мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

2018 жылдың 1 және 2 ақпанында ҚКХП Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің белсенділері Қазақстан Коммунистік Халық партиясының «Шапағат» халықтық жобасының танымалдылығын арттыру мақсатында ақция өткізді.

2018 жылдың 30 қаңтарында Өскеменде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 10 қаңтар күні жарияланған Жолдауы талқыланды.  Талқылауға облыс орталығының атқарушы және заң шығарушы билігінің, саяси партия бөлімшелері мен жастар ұйымдарының өкілдері, еңбек ұжымдарының делегациялары мен студенттер, Қазақстанның негізгі конфессияларының дін қайраткерлері мен қалалық БАҚ қатысты. Жиын Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде өтті. ҚКХП ШҚОК атынан талқылауға обкомның бірінші хатшысы Шыңғыс Байдәулетов қатысты.

2018 жылдың қаңтар айында Шығыс Қазақстанның халық коммунистері Қазақстан Коммунистік Халық партиясының танымалдылығын арттыру мақсатында Өскемен қаласының тұрғындарына ҚКХП-ның 2018 жылға арналған күнтізбелерін, «Коммунист Казахстана» журналының соңғы номерін таратып, «Шапағат» халықтық жобасы туралы ақпарат берді.

15 қаңтар күні  Өскемендегі ШҚО Сараптау және болжау институтында жергілікті «Қазақстан-2050» демократиялық күштер коалициясының отырысы өтті. Отырысқа  облыстық саяси партиялар бөлімшелерінің, қоғамдық ұйымдар мен қауымдастықтардың және БАҚ өкілдері қатысты. Жиналғандар Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылады.

ҚКХП Оңтүстік Қазақстан облыстық комитетінің жұмыс жоспарына сай Шымкент қаласындағы сауда орындарында «Сатушы, Заңды сақта!» акциясы өтті. Акция жастар мен жас өсіпірімдер арасында темекі шегу мен ішімдіктің алдын алу, сонымен қатар Қазақстан Республикасы заңының толық орындалуын талап ету мақсатында ұйымдастырылды.

Страница 9 из 9

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.