В.И. Лениннің 149 жылдығы қарсаңында - 18 сәуір күні ҚКХП Солтүстік Қазақстан облыстық комитеті әлем пролетариаты көсемінің ескерткіші маңында сенбілік өткізді. Дәл 18 сәуір күні Ескерткіштер мен тарихи орындардың халықаралық күні (Дүниежүзілік мұра күні) аталып өтіледі.

2019 жылдың 15 сәуірінде ҚКХП Солтүстік Қазақстан облыстық комитеті «Мамандықты дұрыс таңдау – адам өміріндегі сәттіліктің кепілі. Қай жерден білім алуға болады?» тақырыбында қоғамдық тыңдау өткізді. Іс-шараға қалалық Қоғамдық кеңес мүшелері, ҮЕҰ-дың өкілдері, оқытушылар мен стдуенттер, жоғары сынып оқушылары қатысты.

1870 жылы 22 сәуірде Владимир Ильич (Ульянов) Ленин дүниеге келген – ресейлік революционер, марксизмнің ірі теоретигі, кеңестік саяси және мемлекеттік қайраткер, Ресей социал-демократиялық жұмысшылар партиясын құрушы, Ресейдегі 1917 жылғы Октябрь социалистік революциясының бас ұйымдастырушысы және жетекшісі, әлем тарихындағы алғашқы социалистік мемлекеттің негізін қалаушы.

Пятница, 19 апреля 2019 16:56

Оқушыларға арналған экскурсия

ҚКХП Солтүстік Қазақстан облыстық комитеті №44 орта мектептің 11 сынып оқушыларына  «Мамандықпен танысу» акциясы аясында 12 сәуірде экскурсия ұйымдастырды. Экскурсия шаянның құнды түрлерін өңдеу үшін   салынып жатқан зауытта өтті.

2019 жылдың 12 сәуірінде Солтүстік Қазақстан облыстық комитетінің кеңсесінде обком мүшелері Солтүстік Қазақстан кәсіби-педагогикалық колледжі студенттерімен кездесті.

Петропавл қаласы қоғамдық кеңесінің 11сәуірде өткен кезекті отырысында азық-түлік пен халық тұтынатын тауарлардың бағасы талқыланды.

2019 жылдың 29 наурызында М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің мәжіліс залында Аймақтық демократиялық күштер коалициясының отырысы өтті. Отырыс Қазақстан Республикасы астанасының атауын өзгертуге қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылды.

25 ақпан күні ҚКХП Солтүстік Қазақстан облыстық комитеті Борки ауылындағы №16 мектептің 8-9 сынып оқушыларына «Переправа» деректі фильмінің көрсетілімін ұйымдастырды. Фильм Ленинградтың 1941-1943 жылдардағы қорғанысына арналған. Солтүстік Қазақстанда жасақталған 314-ші атқыштар дивизиясы өздерінің ерліктері мен қаһармандықтарымен қоршауда болған Ленинградты фин әскерилерінен қорғаған.

Страница 1 из 5

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.