Среда, 16 мая 2018 10:38

СҚО коммунистері 314 - ші атқыштар дивизисының жауынгерлерін еске алды

Оцените материал
(0 голосов)

Солтүстік Қазақстан обкомы 314-ші атқыштар дивизиясының ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты. 314-ші атқыштар дивизиясының жауынгерлері Ленинградты жау қоршауынан құтқаруға қатысқан.

Салтанатты шараның қатысушылары Ұлы Отан соғысында қаза тапқан 314-ші атқыштар дивизиясының жауынгерлері мен барлық солтүстікқазақстандық сарбаздарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Шараға Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары М.Д. Қожахмет, Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Е.С. Глотов, соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері, облыстық, қалалық мәслихаттардың депутаттары, қоғам қайраткерлері, қала кәсіпорындары мен мекемелерінің өкілдері, әскерилер және оқушылар қатысты.

Ленинград шайқасы 1941 жылғы 10 шілде де басталды. Қала тоғыз жүз күн қорғалып, қаһармандық пен ерліктің ерен үлгісін паш етті. 1944 жылғы 14 қаңтарда кеңес әскерлері қоршауды бұзып шығып, шабуылға көшті. Осы жылдың 27 қаңтарында қала қоршаудан біржолата азат етіліп, салтанатты түрде салют атылды.

1941 жылғы шілдеде Петропавловск қаласында 314-ші атқыштар дивизиясы жасақталды. 1941 жылғы 26 тамызда дивизия Харийная станциясына жетіп, 52-ші резервтік армияның басқаруына енді. 1941 жылғы 6 қыркүйекте қорғану  бағытындағы әскери қимылдарға кірісті.

1942 жылғы 29 қыркүйекте дивизия Волховск шебінің Екінші ұрыс армиясының құрамында Ленинградты азат етуге қатысты. Дивизия Ленинградқа лап қойған жаудың бетін қайтарып отырды.

314 атқыштар дивизиясы Петропавлда құрылып, қалада құрылған ең ірі құрама болып тарихта қалды. Дивизияның құрамына негізінен Петропавл қаласының өкілдері алынды. Өнеркәсіп пен транспорт орындары дивизияны материалдық ресурстармен, транспортпен, киім-кешекпен және тамақпен қамтамасыз етті. Дивизия құрамында Солтүстік Қазақстан облысының еңбекшілерінен басқа, Қостанай, Көкшетау, Ақмола, Павлодар облыстарының тұрғындары болды. Дивизия басшылығы мен саяси жетекшілер қалалық партия ұйымдарының көмегімен жауынгерлердің әскери жаттығуларына, саяси шыңдалып, патриоттық тәрбие алуына көп күш салды. Дивизия командирі генерал-майор А.Д.Шеменков еді. Дивизия штабын – полковник В.И.Кувшин, ал дивизия полктерін – А.А.Мироненко, В.П.Томашевич, Я.С.Скачков және П.Ф.Ивашко басқарды. Бұлар тәжібиелері мол, өз кезіне сай әскери дайындықтан өткен жандар еді. Дивизияның әскери комиссары болып М.М.Мартыненко тағайындалды.

Ал оның саяси бөлімінің бастығы И.Куценко болды. Құрама штабының саяси бөлімінде және басқада әскери бөлімдерде саяси-тәрбие жұмысын жолға қоюға облыстан партия ұйымдары жіберген коммунистер мен комсомолецтер ерекше рөл атқарды. Жергілікті партия ұйымдары жаңадан жасақталып жатқан құрамаға 1800 коммунист пен комсомолецті жіберді.

Бұлар әскери тәртіпті нығайтып жауынгерлерді патриоттық және интернационалдық рухта тәрбиелеу жолында орсасан зор жұмыстар жүргізді. Советтік Отанды қорғаудағы әр жауынгер мен командирдің міндеттерін терең түсіндіріп, оларды ауыр жылдарға төтеп беруге баулыды. 1941 жылғы 4 тамызда дивизия жасақталып болып, ендігі жерде  жауынгерлерді әскери өнерге  үйрету, соғыс жағыдайына жедел жаттықтыру жұмысы қызу қолға алынды. 1941 жылдың тамыз айының аяғында 314 атқыштер дивизиясы Солт-Батыс майданға аттандырылды.

DSC 0779Тамыз айының аяғында Тихвин қаласының маңынан бір-ақ шықты.314-дивизияның бөлімдері Свирь өзенінің бойындағы Лодейное Поле қаласының маңына 7 қыркүйекте орналасып, генерал В.Д.Цветаевтің 7-армиясының құрамына қосылды. Бұл кезде жау Ленинградтың Ладога көлі маңындағы жалғыз ашық байланыс жолын кесіп тастауға ұмтылып қауіп төндіріп тұр еді. Оңтүстік жақтан неміс әскерлері шабуыл жасаса, солтүстіктен, Онега-Ладога мойнағы тұсынан фин әскерлері шабуыл жасады. Финдер Гитлердің одақтасы ретінде Россияның, көп жерін олжалағысы келіп еді.

Бұл кезде финдер Лодейное Поле қаласының маңында Свирь өзенінен өтіп, Ладога көлінің оңтүстігінде шабуыл жасап келе жатқан өздерінің одақтасы- неміс әскерімен қосылғысы келді.

Олардың бұл мақсатын жүзеге асырмау үшін совет командованиесі шұғыл шаралар қолданды. Свирь өзеніне таяу жердегі Заостровье станциясында эшелоннан түскен 314-дивизияның бөлімдері өзеннен өтпек болған фин әскерлерімен шұғыл түрде шайқасқа түсті. Ұрысқа кіріскен осы күндерде дивизияның полктеріне ұзындығы 130 километрлік шепте қорғаныс ұрыстарын жүргізуге тура келді. Кейіннен қыркұйектің аяқ кезінде өздерінің көмекке келген 21 және 114-дивизиялардың арқасында 314-дивизияның қорғаныс шебі 30 километр ғана болып қалды.

Свирь өзенінің бойында Совет жауынгерлерінің фин әскерлерімен жүргізген табанды ұрыстары финдердің неміс әскерлерімен қосылуы жөніндегі жоспарын жүзеге асыртпай тастады. Сөйтіп финдерге қарсы бағытта яғни Ладога көлінің  оңтүстігінде ұрыс жүргізіп жатқан неміс корпусының жағдайын жақсарту үшін Свирь өзені маңында қайткенде де біздің әскерлердің шебін бұзып өтуді талап еткен неміс  командованиесінің дегені орындалмады.

Дивизия бөлімдерінің бәрі бұйрықты бұлжытпай орындай отырып, ерекше табандылық көрсетті. Құрама басшыларының Солтүстік Қазақстан облысының еңбекшілеріне жолдаған есебінде көрсеткендей алғашқы бес айдың ішінде дивизияның 160-тан астам жауынгері мен офицерін шайқаста айрықша көзге түскені үшін-үкімет наградаларына ұсынды.

Олардың ішінде 1941 жылғы 16 желтоқсанда өз денесімен жау пулеметінің үнін өшіріп, өз өмірін құрбан ету арқылы қарулас жолдастарын құтқарып қалған атқыштар бөлімінің командирі Н.И.Сафронов, телефоншы К.Қайықпаев, Пресновкада туып-өскен коммунист М.И.Ралдугин бар еді. Басқада құрамалар сияқты 314-дивизияда да 1941 жылдың күзінде мергендер қозғалысы кеңінен өрістеді.

Оны бастаған Солтүстік Қазақстан Облысындағы Степан Разин атындағы ауыл шаруашылық артелінің бұрынғы колхозшысы, 1074-атқыштар полкының қатарындағы жауынгері Г.П.Зубаков болды. Бұдан кейінгі ұрыстарда құрама жауынгерлері ерлік көрсетіп отырды. Мысалы, бір жау шабуылына тойтарыс беру кезінде аға сержант Нарутдинов, жауынгерлер Жүсіпов, Қалиакпаров, капитан Мухамедшенов және басқа да ондаған жауынгерлер ерекше көзге түсті.

Олар өз өмірлерін қия отырып, фашистердің шепті  бұзып өтуіне мүмкіндік бермеді. Бұл жөнінде соғыстан кейін неміс генералы К.Типпельскирх «Екінші дүниежүзілік соғыстың тарихы» атты еңбегінде фин армиясының немістердің тапсырмасын орындай алмағанын мойындайды. Ал екінші бір неміс генералы Бутлар естелігінде жоғарыда айтылғандарды қуаттай келіп: «Жазғы науқанның ортасында Свир өзеніне қарай финдердің шапшаң жылжығанына қарамастан бұл маңда неміс әскерлерімен қосылуының сәті түспеді» - деп жазды. 1944 жылы Ораниенбаунның оңтүстігінде 2-Екпінді армияның құрамында 314-дивизияның полктері шабуыл жүргізді. Дұшпанның табан тірескен қарсылығын баса отырып, дивизияның бөлімдері 1944 жылғы 1 февральда Кингисепп қаласын азат етіп,  Нарваға шықты. Құрамаға «Кингисепптік дивизия» деген құрметті атақ берілді. 1944 жылдың жазында Ладогадан фин шығанағына дейін Ленинград майданы әскерлерінің құрамында 314-дивизияда шайқас жүргізді.

Мыңдаған петропавлдықтар Москва түбіндегі шайқаста даңқы шыққан 8-ші гвардиялық Панфилов дивизиясының сапында ерлікпен соғысты. Қала басшылығы дивизия командованиесімен тығыз байланыс орната білді. Құраманың делегациясы Петропавлға келіп, қала еңбекшілерімен кездесулер ұйымдастырып, жауынгерлердің ерліктері жайында әңгімелеп беріп отырды. Майдан мен тылдың осындай тығыз баери жаттығуларынлерді отан сүйгіш тікке баулуда орасан зор роль атқарды.

DSC 0815Көптеген петропавлдықтар Ленинград, Сталинград майданында, Курск доғасындағы шайқастарда ерлікпен соғысты. 314-атқыштар дивизиясы Ленинград қаласын қоршаудан азат еткен соң 1944 жылдың күзінде Польша жерінде аяқ басты. Ол мұнда 1-Украина майданы әскерлерінің құрамында ұрысқа түсті. 1945 жылғы 14 январьда 314-атқыштар дивизиясы шайқаса отырып 248 километр ілгері кетіп, Нида, Бела, Черна, Брыница, Одер өзендерінен өтті, 18 қаланы, 26 темір жол станциясын және басқа да 263 елді мекенді жауан тазартты. 1945 жылдың наурыз айында 314-дивизия Козель (Козле) қаласын және Леобщюцті (Глубчище) шабуылмен алып, гитлершілдердің Оппелнь тобын талқандауға қатысты.

Осы ұрыстан соң Солтүстік Қазақстандық құрама II  дәрежелі Кутузов орденімен наградталды. II  дәрежелі Кутузов өрденді 314-Кингиспптік атқыштар дивизиясы Чехословакияның Солтүстік аудандарында жорық жолын аяқтады. Қорыта айтқанда Солтүстік Қазақстанда құрылған бұл дивизияның жауынгерлері Ленинград қоршауын бұзу, Ленинград-Новгород және Прага бағыты сияқты шешуші операцияларға қатысты.

Құрама бөлімдерінің бұл шайқастарда көрсеткен ерлігі мен қаһармандығы Жоғарғы бас қолбасшының бұйрығында 7 мәрте атап көрсетілді.

Прочитано 34 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.