Среда, 16 мая 2018 13:06

Солтүстік Қазақстандық коммунистер К.Маркстің 200 жылдығына орай қоғамдық талқылау ұйымдастырды

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Солтүстік Қазақстан обкомы 2018 жылғы 5 мамырда К.Маркстің туғанына 200 жыл толуына орай қоғамдық талқылау өткіді.

Шараны ҚКХП Солтүстік Қазақстан обкомының бірінші хатшысы Сергей Мартемьянов жүргізді. Ол жұмысшы таптың әлемдік тарихтағы маңызды рөлін атап көрсетіп, К.Маркс, Ф.Энгельс, В.Ленин жұмысшы тапты капитализмге тосқауыл қойып, жаңа социалистік қоғам құруға үндегенін тілге тиек етті.

Жұмысшы тап өзінің саяси билігін экономикалық, әлеуметтік, мәдени салаларда жаңғыртқысы келгеніне тоқталған бірінші хатшы бұл туралы алғаш рет К.Маркс пен Ф.Энгельс 1845 жылы «Неміс идеологиясында» сөз қозғағанын баяндады.

«Бұл идея «Коммунизм ұстанымында» жалғасын тапты. 1847 жылы

«Коммунистік партияның Манифесінде» де көтерілді. «Пролетариат диктатурасы» деген терминді К.Маркс алғаш рет «Классовая борьба в Франции» деген еңбегінде қолданды. 1871 жылғы жұмысшы таптың көтерілісінен кейін Париж Коммунасы пайда болды. Париж Коммунасын К.Маркс жұмысшы таптың мемлекеттік үлгідегі диктатурасы деп таныды», - деді Сергей Мартемьянов.

Обком белсендісі Юрий Чубов Маркс экономиканың дағдарысын күшейтетін қаржылық алыпсатарлық жайлы алдын ала білгенін атап өтті.

«Карл Маркс қаржы секторына еркіндік берілсе, ол нақты экономиканы тапап өтетінін айтқан. Бұған бізқазір көз жеткізіп отырмыз. Ақша–тауар– ақша формуласы «ақша – ақша» деген ұғымға ауысып кетті», - деді ол.

Өз кезегінде ҚКХП Солтүстік Қазақстан обкомының заңгері Ардақ Қажымұратов екі жүз жыл бұрын қоршаған ортаға сын тұрғысынан қарай алатын дарынды тұлға дүниеге келгенін айтты.

«К.Маркс қарапайым халықтың көзін ашты. Тіпті қарсыластары оны мойындауға мәжбүр болды», - деді ол.

Жиын соңында қатысушылардың барлығына облыстық комитеттің атынан  «коммунистік партияның Манифесті» табысталды.

DSC 0636DSC 0636DSC 0636

Прочитано 49 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.