Пятница, 18 мая 2018 16:23

СҚО коммунистері облыстық бейнелеу өнері мұражайында болды

Оцените материал
(0 голосов)

«Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында Солтүстік Қазақстан облыстық комитетінің мүшелері Солтүстік Қазақстан облыстық бейнелеу өнері мұражайына барды.

Мұражай Петропавл қаласының орталығында орналасқан. Ол он тоғызыншы ғасырдан бері сақталып келген, 1917 жылға дейін көпес Юзефович мекендеген екі қабатты ағаш үйде орналасқан. Бұл жер 30 жылдан астам Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени ескерткіші болып табылады.

Мұражайдың барлық залдарында Ұлы Отан соғысына арналған жұмыстар көрсетілген, сонымен қатар сирек экспонаттар – соғыс жылдарының киімдері мен құжаттары бар. Қонақтар Кеңес Одағының Батыры, әйгілі панфиловшы, Мәскеу үшін шайқасқа қатысқан, жазушы Бауыржан Момышұлының картинасына, Сәбит Мұқановтың салтанатты киімі мен фотожурналист Александр Коротковтың әр жылдардағы Жеңіс күні түсірген соғыс ардагерлерінің суреттеріне үлкен қызығушылық танытты.

ҚКХП Солтүстік Қазақстан ОК

IMG 20180516 100608IMG 20180516 100608

Прочитано 52 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.