Среда, 23 мая 2018 17:37

СҚО коммунистері әдебиет клубын ұйымдастырды

Оцените материал
(1 Голосовать)

19 мамыр Пионерлер күні ҚКХП Солтүстік Қазақстан ОК Жастар қанатының мүшелері «Кокос» анти-кафесінде кездесу ұйымдастырды. Бұл жерді таңдау жай ғана сәйкестік емес. Анти-кафе қаланың белсенді жастарының алаңы болып табылады. Бұл жерде шығармашыл көзқарастар мен тың идеяларға бай жастар бас қосады.

ҚКХП СКО-ның жас белсенділері оқыған кітаптарды талқылау мақсатында  тұрақты түрде бас қосу шешімін қабылдаған болатын. Басты идея шығармашылық өнімді өзгеге де қызықты болатындай, оқуға деген ынтаны оятатындай таныстыру болып табылады.   Жас коммунистер мұндай форматтағы әдеби кездесулер жастардың әдеби талғамын кеңейтіп, өз бетінше білім алуға серпін беріп, тәрбие мен интеллектуалды дамуға ықпал етеді деп санайды. Солтүстік Қазақстан облыстық комитеті жанындағы әдеби клуб алдағы уақытта жазушылар мен ақындарды, кітапханашылар мен кітап сүйер қауымды шақырту арқылы қалалық және облыстық әдеби кештер өткізіп отыруды жоспарлап отыр.

Прочитано 51 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.