Вторник, 29 мая 2018 13:21

СҚО-да демократиялық күштердің «Қазақстан – 2050» облыстық коалициясының отырысы өтті

Оцените материал
(1 Голосовать)

«Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» іске асырудың аралық қорытындысын талқылау «Қазақстан – 2050» ДКОК-ның кезекті отырысы аясында М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің мәжіліс залында өтті.

ДКОК жұмысына облыстық саяси партиялардың өкілдері, соның ішінде ҚКХП облыстық бөлімшесінің жетекшісі Сергей Мартемьянов, ҮЕҰ өкілдері мен қоғам қайраткерлері қатысты.

«7-20-25» бағдарламасының мақсаты мен механизмі бойынша ҚР Ұлттық банк СҚО бөлімше директорының м.а. Диас Мэлс сөз сөйледі. Спикердің айтуынша, бұл бағдарлама мүлдем баспананасы жоқ азаматтар үшін жұмыс істейді және бастапқыда тек жаңа тұрғын үй алу мүмкіндігі қарастырылған. 

Диас Мэлстің мәліметі бойынша, Астана және Алматы қалалары бойынша несиенің минималды көлемі 25 млн. теңгеге дейін барады, ал Петропавлда – 15 млн. теңгеге дейін. Қазіргі таңда тұрғын үй  кезегінде тұрғандардың саны Петропавл қаласы бойынша 13 000, ал облыс бойынша 18 000 адамды құрайды.

Салық жүктемесінің азаюы мен 2019 жылдың басынан бастап салық салудың прогрессивті шкаласын енгізу туралы СҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Түсіндіру жұмыстары басқармасының жетекшісі Анар Әдиева айтып берді.

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ ректоры м.а. Айдос Мұхатаев  білім сапасының артуы  мен қолжетімділігі туралы ақпараттандырды. ЖОО жетекшісінің сөзінше, студенттер үшін жаңа жатақханалар салынатын болады. 2019 жылы физика, информатика, биология және химия пәндерін ағылшынша үйрету бағдарламасы бойынша білім алып жатқан алғашқы 59 маман шығарылады.  «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы туралы СҚО «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры, ДКОК мүшесі Дархан Қалиев айтып берді.

1301313013

Прочитано 194 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.