Пятница, 01 июня 2018 17:26

Саяси көшбасшылық мектебінің қатысушылары Елбасының әлеуметтік бастамаларын талқылады

Оцените материал
(1 Голосовать)

ҚКХП Солтүстік Қазақстан облыстық комитетінің саяси көшбасшылық мектебінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасын талқылауға арналған кезекті кездесу өтті. Кездесу қатысушылары облыстық комитеттің Жастар қанатының мүшелері мен М.Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжі студенттері болды.

Басты талқыланған тақырыптың бірі Мемлекет басшысының жоғары білім сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған үшінші бастамасы болды. Облыстық комитеттің бірінші хатшысы Сергей Мартемьянов грант санының, соның ішінде техникалық мамандықтар бойынша грант санының артуы өндірістегі кадрлық құрамның, әсіресе инженерлік-техникалық жұмысшылардың жасаруына, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне ықпал ететінін атап айтты.

Жастардың пікірі бойынша, білім беру қызметінің сапасын арттыру үшін студенттерді орналастыруға арналған сапалы инфрақұрылымды құру қажет. Осыған орай қатысушылар студенттерге арналған жатақхана салу бастамасының дер кезінде көтеріліп отырғанын айтып өтті.

 

– Мемлекет басшысының бес жаңа әлеуметтік бастамасы әр қазақстандық отбасына маңызды фундаменталды құндылықтардың барлық кешенін қамтиды және әр қазақстандықтың әл-ахуалын одан әрі жақсартуға бағытталған. Президенттің Үндеуі барлығымыз үшін, тұтас еліміз үшін жаңа жол мен мемлекетіміздің даму мүмкіндігін анықтайды. Президентіміздің жетекшілігімен бұл бастамалар табысты іске асырылатынына күмән жоқ, - деді СҚО обком жетекшісі С.Мартемьянов.

Прочитано 74 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.