Среда, 06 июня 2018 09:25

Солтүстік қазақстандық коммунистер Балаларды қорғау күнінде мерекелік акция өткізді

Оцените материал
(1 Голосовать)

1 маусым күні облыстық филармонияда «Бимаржан» би ансамблінің бес жылдығына орай балалар мерекесі өтті. «Әль-Фараби» мектеп-лицейінің директоры Күлімкөз Смаилованың бастамасымен құрылған «Бимаржан» ансамблі хореограф Розалия Гайнанованың жетекшілігімен 5 жылда тек облыстық конкурстан жеңіске жетіп қойған жоқ, 2017 жылы республикалық «Виват Астана» конкурсында да топ жарды.

Коммунистер аталған шараға №32 орта мектепте оқитын ҚКХП белсенділерінің балалары мен немерелерінен 25 оқушының тегін қатысуын ұйымдастырды.

 «Божья коровка» мерекелік студиясы ұзын фигуралармен және аниматорлармен қызықты шоу өткізді, балалар түрлі конкурстарға қатысып, сабын көпіршігін үрлеп, батутта секірді. Барлық қатысушылар тәтті сыйлықтар иеленді.

Мерекелік концертте облыстық балалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері ұсынған вокалдық нөмерлер, «Томирис» сән театрының қойылымы, «Айналайын» вокалдық ансамблінің өнер көрсетуі және салтанатты шара иелері «Бимаржан» би ансамблінің қатысушыларының керемет би бағдарламасы көрермен назарына ұсынылды.

DSC 0877DSC 0877DSC 0877DSC 0877DSC 0877DSC 0877DSC 0877DSC 0877DSC 0877DSC 0877DSC 0877DSC 0877DSC 0877

Прочитано 14 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.