Среда, 05 декабря 2018 12:01

Солтүстік Қазақстан облыстық комитетінің хатшысы Қ.Сәрсенбаев «ҚазРобоСпорт» чемпионатының ұйымдастыру шаралары мен төрешілігіне қатысты Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

30 қараша мен 1 желтоқсан аралығында Петропавл қаласында «ҚазРоботикс-2018» халықаралық фестивалі аясында «ҚазРобоСпорт»  чемпионаты өтті. Чемпионатқа Қазақстан, Ресей, Өзбекстан мен  Қырғызстаннан шамамен 250 адам қатысты. Чемпионат үшінші жыл қатарынан өткізіліп жатыр, бірінші чемпионат 2016 жылы Астанада, ал екіншісі 2017 жылы Ақтөбеде ұйымдастырылды.

Қазақстандық Білім беру және спорттық робототехника «ҚазРоботикс» Федерациясының Солтүстік Қазақстан бөлімше директорының орынбасары ҚКХП Солтүстік Қазақстан облыстық комитетінің екінші хатшысы Қайсар Сәрсенбаев болып табылады.

Командалық есепте бірінші орын мен облыс әкімінің гран-при иегері Қарағанды облысының командасы атанды. Екінші орынды Атырау облысының, ал үшінші орынды Батыс Қазақстан облысының командасы иеленді.

Фестиваль аясында ТМД елдері сарапшыларының қатысуымен робототехниканың даму мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті. Отырыста робототехниканың жарыстық, жобалық, мектепке дейінгі және оңалту мәселелері талқыланды.

Алғаш рет мектепке дейінгі робототехника бойынша жарыс өткізілді. Сонымен қатар құрал-жабдықтар жеткізушілерінің көрмесі мен іскерлік кездесулер өтті. Іскерлік кездесулер барысында Қазақстан мен Қырғызстан білім беру робототехникасы федерациялары арасындағы ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.

SKOKazRobotics 23SKOKazRobotics 23SKOKazRobotics 23SKOKazRobotics 23SKOKazRobotics 23SKOKazRobotics 23SKOKazRobotics 23SKOKazRobotics 23SKOKazRobotics 23SKOKazRobotics 23SKOKazRobotics 23SKOKazRobotics 23SKOKazRobotics 23SKOKazRobotics 23SKOKazRobotics 23SKOKazRobotics 23SKOKazRobotics 23SKOKazRobotics 23SKOKazRobotics 23SKOKazRobotics 23SKOKazRobotics 23SKOKazRobotics 23SKOKazRobotics 23

Прочитано 8 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.