Вторник, 23 апреля 2019 15:30

СҚО-да мамандық таңдау маңыздылығына арналған қоғамдық тыңдау өтті Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

2019 жылдың 15 сәуірінде ҚКХП Солтүстік Қазақстан облыстық комитеті «Мамандықты дұрыс таңдау – адам өміріндегі сәттіліктің кепілі. Қай жерден білім алуға болады?» тақырыбында қоғамдық тыңдау өткізді. Іс-шараға қалалық Қоғамдық кеңес мүшелері, ҮЕҰ-дың өкілдері, оқытушылар мен стдуенттер, жоғары сынып оқушылары қатысты.

Пікірталас барысында іс-шара ұйымдастырушылары қазіргі таңда еңбек нарығында елеулі өзгерістер орын алып жатқандығын атап өтті. Соңғы он жылда білім алу үшін шетел асып жатқан жастар саны артуда. Бұл ахуал білім саласында жүргізілген реформалармен байланысты. Сонымен қатар коммунистер мектептерде кәсіби бағдарға тиісінше көңіл бөлінбейтіндігі туралы тілге тиек етті. Мектептерді әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың бұл бағытына жауап беретін мамандық үшін штат қарастырылмаған. Бүгінгі таңда білім беру мекемелеріне мұндай мамандарды енгізу қажеттілігі туындап отыр. Өскелең ұрпақпен кәсіби бағдар жұмысын балалық шақтан жүргізу қажет. Қоғамдық пікірталас барысында жоғары сынып оқушылары алдында облыс колледждерінің студенттері сөз сөйлеп, өздерінің болашақ мамандықтары, мамандықты таңдау себептері мен болашақ жоспарлары туралы айтып берді.

SKOkrugstolaprel7 1SKOkrugstolaprel7 1SKOkrugstolaprel7 1SKOkrugstolaprel7 1SKOkrugstolaprel7 1SKOkrugstolaprel7 1SKOkrugstolaprel7 1SKOkrugstolaprel7 1SKOkrugstolaprel7 1SKOkrugstolaprel7 1

Прочитано 179 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.