Четверг, 24 января 2019 15:23

Мәңгілік есімізде

1924 жылдың 21 қаңтарында 95 жасында әлем пролетариатының көсемі, КСРО Халық Комиссарлар кеңесінің бірінші төрағасы Владимир Ильич Ленин дүниеден озды.

16 желтоқсан  - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында  Петропавл қаласының №16 орта мектебінде салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның қадірлі қонағы ретінде ҚКХП Солтүстік Қазақстан облыстық комитетінің екінші хатшысы Қайсар Сәрсенбаев шақырылды.

1993 жылдың 13 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі «Ядролық қаруды таратпау туралы Келісімге қосылу туралы» қаулы қабылдады. Қазақстан өз территориясын ядролық қарусыз аймақ деп жариялады. Осы тарихи оқиғаға орай ҚКХП Солтүстік Қазақстан облыстық комитетінде «Семей Полигон СКО»  мен «Союз Чернобыль» бірлестіктерімен кездесу өтті. Бұл бірлестіктердің құрамындағы азаматтар радиацияның не екенін және оның адам денсаулығына зардабын жақсы біледі.

30 қараша мен 1 желтоқсан аралығында Петропавл қаласында «ҚазРоботикс-2018» халықаралық фестивалі аясында «ҚазРобоСпорт»  чемпионаты өтті. Чемпионатқа Қазақстан, Ресей, Өзбекстан мен  Қырғызстаннан шамамен 250 адам қатысты. Чемпионат үшінші жыл қатарынан өткізіліп жатыр, бірінші чемпионат 2016 жылы Астанада, ал екіншісі 2017 жылы Ақтөбеде ұйымдастырылды.

ҚКХП Солтүстік Қазақстан облыстық комитеті «Заманауи білім – табысты мемлекеттің іргетасы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шара Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын талқылау аясында ұйымдастырылды.

16 қараша 2018 жылы Петропавлда «Гуманитарлық байлныстың даму бағдары. Мемлекет басшыларының қатысуымен өткен Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының аймақаралық форумының қорытындысы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Жиында Солтүстік Қазақстан мен Орал Федералды округ арасындағы туристік байланысты дамыту мәселесі талқыланды. Іс-шараны ұйымдастырушылардың қатарында «Движение вперед» ҚБ бар, оның директоры ҚКХП Солтүстік Қазақстан ОК Жастар қанатының төрағасы Виктор Сауков болып табылады.

Ұлы Қазан революциясының 101 жылдығына орай ҚКХП Солтүстік Қазақстан облыстық комитеті колледж студенттері арасында «Ұлы Қазан тарихы»  зияткерлік ойынын өткізді.

2018 жылдың 16 қазанында Солтүстік Қазақстанның облыстық орталығында ақын,  батыр-қолбасшы Қожаберген жырауға ескерткіш орнатылды. Биіктігі 12 метрді құрайтын монумент Петропавл қаласының кіреберісіне қойылды. Оның авторы танымал қазақстандық мүсінші Қазбек Сатыбалдин.

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.