Пятница, 22 июня 2018 14:19

Жамбыл облыстық комитетінде мерекелік жиын өтті

Оцените материал
(0 голосов)

14 жыл бұрын Қазақстан Коммунистік Халық партиясы құрылды. Осы айтулы датаға орай 21 маусым күні Жамбыл облыстық комитетінде партияның белсенділері мен Жастар қанатының мүшелері бас қосты.

Облыстық комитеттің бірінші хатшысы Ж.Нұрәлиев партияның тарихы мен қызметі, құрылымы және ҚР  Парламент Мәжілісіндегі «Халық коммунистері» депутаттық фракциясының жұмысы туралы айтып берді. Сонымен қатар ол қатысушыларды Жамбыл облыстық комитетінің жұмысы туралы ақпараттандырып, қоғамдық қабылдау, заңгерлік қызмет және «Шапағат» халықтық жобасы туралы тілге тиек етті.

Жиында «Азаматтық альянс» ЗТБ, «Солдаты особого риска» ҚБ мен облыстық Ардагерлер кеңесінен келген құттықтау хаттар оқылып,   еңбек ардагері К.Бердиев «Ұлы Қазан Социалистік революциясының 100 жылдығы» медалімен марапатталды. Ал С.Қуантаевқа, Б.Төлеушевке,  Е.Әлімбетов пен З.Тоқназароваға партиялық билеттер табысталды.

ҚКХП Жамбыл облыстық комитеті

20180620 10460220180620 10460220180620 104602

Прочитано 26 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.