Пятница, 14 декабря 2018 15:55

Мүмкіндіктері шектеулі адамдарды әлеуметтендіру Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

13 желтоқсан күні ҚКХП Қызылорда облыстық бөлімшесі «Мүмкіндіктері шектеулі адамдарды әлеуметтендірудің жолдары» тақырыбында қоғамдық пікірталас өтті.

Қоғамдық пікірталасқа қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, БАҚ және қала тұрғындары қатысты.

Алғашқылардың бірі болып ҚКХП Қызылорда облыстық бөлімшесінің бірінші хатшысы Т.Телеубаев сөз сөйледі. Ол өз сөзінде Қазақстанда 670 мың мүгедек бар екенін, олардың 61,9 пайызы еңбекке жарамды жастағылар, 25,4 пайызы зейнеткерлік жастағы адамдар және 12,7 пайызы 18 жасқа дейінгі балалар екенін мәлімдеді. Бұл жалпы тұрғындардың 4%. 

- Оларға қолдау көрсету қажет, арнайы медициналық көмек көрсету керек, протездеу қызметімен қамтып, арбалар сатып әперу керек. Мемлекет бұл жүктемені ауыр қабылдайды. Бұл іспен қайырымдылық қорлар, ұйымдар айналысып, жеке және коммерциялық ұйымдардан көмекке берілген қаражатты үлестіреді.  Бұл өте жақсы іс, игі шара. Менің ойымша, мүгедектер қоғамның елеулі әлеуметтік бөлігі,  еліміздің тең құқылы азаматтары болулары тиіс. Бұл жерде мен физикалық емес, этикалық шектеуді байқап отырмын. Олардың  басым бөлігі сауатты, білімге құштар жандар. Оларды қоғамның еңбекке қабілетті, өндіруші бөлігіне айналдыру үшін не істеу қажет? Ол үшін жағдай жасау қажет.  Олардан қызмет көрсету саласының кеңесшісі, аудармашылар, қашықтықтан кәсіпкерлікке қызмет көрсетушілер шығады. Оларға бірлестік жетпейді. Бар ұйымдар өздерінің шектеулі жүйесінде қызмет жасайды. Мемлекет тарапынан нақты шаралар қажет, - деді обком жетекшісі өз сөзінде.

Т.Телеубаев салынып жатқан ғимараттарға қойылатын арнайы талап мәселесіне де тоқталды. Олар мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін барынша қолайлы болулары тиіс. Спикер кәсіпорындарда міндетті түрде мүгедектердің жұмыс істеуін талап ететін заңнамалық актілерді қабылдау маңыздылығын да атап өтті. Сонымен қатар ол  олардың жеке кәсіподағын құру, форумдар мен съездер өткізу идеясын ұсынды.

KZLObshDiskus 5KZLObshDiskus 5KZLObshDiskus 5KZLObshDiskus 5KZLObshDiskus 5

Прочитано 176 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.