ҚКХП Қызылорда облыстық бөлімшесінде қарттар күніне арналған іс-шара өтті.

Мерекелік дастархан басында коммунистер партия ардагерлерін мерекемен құттықтап, оларға мықты денсаулық пен ұзақ ғұмыр тіледі. Ардагерлер өз кезегінде обком қызметкерлеріне сәттілік тілеп, алғыс айтты. 

14 қыркүйекте ҚКХП Қызылорда облыстық бөлімшесі және Қазақстан Коммунистік жастар одағы Қызылорда қаласы №187 орта мектепте «Жас жаяу жүргінші» атты іс- шара өткізді.

Осы жылдың 13 қыркүйегінде ҚКХП Қызылорда облыстық бөлімшесі «Қазақстан жастары – кеше, бүгін, ертең» тақырыбында қоғамдық  пікірталас өткізді.

14 жыл бұрын Қазақстан Коммунистік Халық партиясы құрылды. Осы айтулы датаға орай 21 маусым күні Жамбыл облыстық комитетінде партияның белсенділері мен Жастар қанатының мүшелері бас қосты.

Облыстық комитеттің бірінші хатшысы Ж.Нұрәлиев партияның тарихы мен қызметі, құрылымы және ҚР  Парламент Мәжілісіндегі «Халық коммунистері» депутаттық фракциясының жұмысы туралы айтып берді. Сонымен қатар ол қатысушыларды Жамбыл облыстық комитетінің жұмысы туралы ақпараттандырып, қоғамдық қабылдау, заңгерлік қызмет және «Шапағат» халықтық жобасы туралы тілге тиек етті.

Ұлы Жеңіске 73 жыл. 1941 жылдың маусымында басталып, үздіксіз 5 жылға, яғни 1 418 күнге созылған сұрапыл соғысқа Кеңес Одағы құрамындағы республикалардың азаматтарымен қатар қазақстандықтар да қатысты.

Страница 3 из 3

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.