Суббота, 28 апреля 2018 16:19

«Коммунист Казахстана» журналы жамбылдықтар арасында танымалдылыққа ие

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Жамбыл ОК Жастар қанатының белсенділері Тараз көшелерінде «Коммунист Казахстана» журналын тарату акциясы барысында басылымның жамбылдықтар арасында танымалдылыққа ие екеніне тағы да бір мәрте көз жеткізді.

Қала тұрғындары коммунистердің қолынан журналдың жаңа санын қуана қабылдады, ал кейбіреулер таныстары мен жақындары үшін де сұрап алып жатты. Бұл факт Таразда «Коммунист Казахстана» журналының тұрақты оқырмандары бар екенін дәлелдейді. Олардың жалпы пікірі бойынша, басылымның өзіндік бейнесі қалыптасқан, журналда сараптамалық материалдар ғана емес, жағымды ақпараттар да көптеп жарық көреді. Қаланың көптеген тұрғындары келесі жолы журналды өздері келіп алмақшы, сондықтан олар ҚКХП Жамбыл облыстық комитеті  кеңсесінің мекенжайы мен телефонын жазып алды. Тұрғындар арасында Тараз қаласының өзекті мәселелерін қамтитын мақала жазуды ойға алғандар да бар.

Tar11Tar11Tar11Tar11Tar11Tar11Tar11Tar11Tar11Tar11

Прочитано 42 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.