Суббота, 05 мая 2018 12:00

Таразда К.Маркстің 200 жылдығына арналған қоғамдық пікірталас өтті Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Жамбыл облыстық комитетінде көрнекті ғалым, философ, алғашқы интернационалдың негізін қалаушы  Карл Маркстің тарихи рөлі тақырыбына арналған қоғамдық пікірталас өтті.

Кездесуге саяси партиялардың белсенділері, ЖОО оқытушылары мен мектеп ұстаздары, меморгандар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ардагерлер мен жастар қатысты. Модераторлық тізгінді ұстаған Жамбыл ОК бірінші хатшысы Ж.Нұрәлиев классиктің өмірі мен еңбектері туралы айтып берді.  М.Х. Дулати атындағы ТарМУ-дың тарих және әлеуметтану кафедрасының меңгерушісі Е.Серікбаев Карл Маркстің барлық болмысын ашатын еңбегі «Капиталды» жазу барысындағы автордың жұмысы туралы баяндап берді.

Тараз қ. №35 мектептің тарих пәні  мұғалімі М.Ермекбаева мектеп бағдарламасындағы марксизм-ленинизм классиктеріне арналған тараулар туралы айтып берді.

Қатысушылардың пікірі бойынша, жалпы қазақстандық қоғамда К. Маркс, Ф. Энгельс және В.И. Ленинге оң көзқарас қалыптасқан.

ҚКХП Жамбыл ОК

Zh6Zh6Zh6Zh6Zh6Zh6

Прочитано 25 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.